Қазақстандық оқушылар Халықаралық экономика олимпиадасында (IEO) бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді.

🇦🇿2025 жылғы 20–29 шілде аралығында Әзербайжанның Баку қаласында экономика, қаржы және кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған беделді International Economics Olympiad (IEO) өтті.


🧮Биылғы зияткерлік додаға 55 елден 280-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан командасы жоғары нәтиже көрсетіп, әлемнің алдыңғы қатарлы командаларының қатарына енді. Әсіресе бизнес-кейс кезеңінде АҚШ, Жапония және Ұлыбритания командаларын артта қалдырып, үздік өнер көрсетті.

🥇 Батырхан Мұхтархан — Астана қаласындағы НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;

🥈Әділет Абзалиев — Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;

🥈Нұрхан Төлеев — Астана қаласындағы НЗМ-11-сынып оқушысы;

🥉 Томирис Оспан — Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы;

Құрмет грамотасы — Даниал Арыстан, Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы.

🔔Команда жетекшілері:

Руслан Мулдашев — «Paradigm Shift» ЖШС-нің қаржы директоры;

Айгүл Қарқұлова — «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.