«Келешек мектептері» жобасының оқушылары Бейжіңде өткен Дүниежүзілік робот конференциясында Қазақстанның намысын абыроймен қорғады

🇨🇳 2025 жылғы 8–12 тамыз аралығында Қытайдың Бейжің қаласында Дүниежүзілік робот конференциясы (World Robot Conference 2025) және World Robot Contest жарысы өтті.

📌 Аталған іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен 10 мыңнан астам қатысушы жиналып, робототехника, жасанды интеллект және интеллектуалды өндіріс саласындағы жетекші халықаралық аландардың біріне айналды.

🔹 DOBOT Intelligent Manufacturing Challenge байқауы аясында оқушылар DOBOT платформасында инновациялық ойларын ұсынып, өндірістік тапсырмаларды шебер орындап, командалық жұмыстағы үйлесімділігімен ерекше көзге түсті.

🥉 Қола жүлдені Шымкент қаласындағы ұлттық жоба «Келешек мектептері» аясында салынған №149 мектептің YASSI тобы жеңіп алды. Құрамы: Талас Нұрғаным, Есенгелді Талғат.�Сондай-ақ, Түркістан облысындағы ұлттық жоба «Келешек мектептері» аясында салынған №33 мектептің AquaBots тобы да марапатқа ие болды. Құрамы: Боханов Сүйінбай, Ишанхан Маруан.

💪🏻 Командалардың жетекшілері – менторлар Әбдікаримов Ердоc пен Әлімжан Алуа.

✅ Екі қазақстандық команда жоғары дайындық деңгейін, креативті ойлауын және тамаша командалық жұмысын көрсетті. Олардың жетістігі – елдегі техникалық білімді дамытуға жасалған маңызды қадам және жас қазақстандық инженерлер мен жаңашылдардың әлеуетінің артып келе жатқанын дәлелдейді.

🎉 Жүлдегерлерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!