«DigCompEdu контекстінде ЖИ: кіріктірілген сабақ, портфолио және зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәдениеті» тақырыбында республикалық  семинарды  өткізу туралы ақпараттық хаты

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2025 жылдың 27-29 қазан аралығында Қостанай қаласы «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған  «DigCompEdu контекстінде ЖИ: кіріктірілген сабақ, портфолио және зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәдениеті» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты –  DigCompEdu контекстінде жасанды интеллектті қолдану арқылы кіріктірілген сабақтарды ұйымдастырып, портфолио жүргізу тәжірибесін жетілдіру және зерттеу дағдыларын дамыту мәдениетін қалыптастыру.  

Семинардың міндеттері:

– Жасанды интеллектті оқу үдерісіне кіріктіру арқылы пәнаралық сабақтарда оқушылардың цифрлық құзыреттілігі мен сыни ойлауын дамыту.

– Оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерін жүйелі көрсету және өзін-өзі бағалау үшін цифрлық портфолио жүргізу дағдысын қалыптастыру.

– ЖИ құралдарын пайдалана отырып деректерді жинау, талдау және ғылыми жоба жасау арқылы оқушылардың зерттеу мәдениетін дамыту.

Семинар бағдарламасында жасанды интеллектті сабақтарда пайдалану көрсетілімі, шебер сыныптар қарастырылған.

Іс-шараны жетекші педагогтер өткізеді.

Семинарға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.

Іс-шара соңында қатысушылар семинарға қатысқаны үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатын алады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасының басшыларымен, аймақтық “Дарын” орталықтарының директорларымен бекітілген қатысушылар туралы сұранысты  о. ж. 17 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/Kostsem2025  сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Қатысушының ата-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail
      

Қатысушылардың келу күні – 27 қазан, семинардың басталуы – 28 қазан, аяқталуы – 29 қазан сағат 18.00-ден кейін.

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге,  жолы, тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Семинар қатысушыларына «Озат» ММЛИ жатын орындар тегін қарастырылған. Барлық сұрақтар бойынша осы номерге хабарласуға болады:8 (7172) 576540