Қазіргі музыкалық білім беру: әдістеме мен практика мәселелері» атты музыка пәні мұғалімдері үшін республикалық семинардың ақпарат хаты

Қазіргі жағдайда музыкалық білім беру – баланың үйлесімді дамуының ажырамас бөлігі ретінде ерекше маңызға ие. Музыкалық тәрбие эстетикалық талғам мен көркемдік дүниетанымды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен қатар эмоционалдық интеллектіні, креативтілікті, ойлау қабілетін дамытады. Музыкалық мәдениетке баулу арқылы балалар ұлттық және әлемдік рухани құндылықтарды тереңірек түсініп, азаматтылық пен мәдени бірегейлікті бойына сіңіреді.

Музыка пәнін оқыту әдістемесін жетілдіру мен тиімді педагогикалық шешімдерді іздеу бүгінгі таңда тек оқу үдерісімен шектелмей, тұлғаның өзін-өзі танытуына және шығармашылық дамуына ықпал ететін маңызды құралға айналуда. Педагогикалық үздік тәжірибені тарату, жаңашыл әдістемелік тәсілдерді енгізу және музыкалық педагогика саласындағы пәнаралық ынтымақтастықты дамыту – білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі болып отыр.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 29–30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты» РММ базасында «Қазіргі заманғы музыкалық білім беру: әдістеме мен практика мәселелері» тақырыбында білім беру ұйымдарының музыка пәні мұғалімдеріне арналған республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында музыка пәнін оқытудың өзекті әдістемелік мәселелерін талқылау, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және К. Байсейітова атындағы РММИ педагогикалық тәжірибесін тарату.  

Семинарға республикалық орта мамандандырылған музыка мектептерінің педагогтері мен концертмейстерлері, балалар музыка мектептерінің ұстаздары, жалпы білім беретін ұйымдардың музыка пәні мұғалімдері қатыса алады.

Семинардың құрылымы К. Байсейітова РММИ ұстаздарының озық педагогикалық тәжірибесін тарату және музыкалық білім беру тәжірибесіне енгізу мақсатында шебер-сыныптар мен практикалық сабақтарды қамтиды.

Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 15 қазанға дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз:e-mail: g.berdenova@daryn.kz

Қатысушының аты-жөніОблысыЖұмыс орныЖұмыс өтіліОқыту тіліҚатысушының ЖСНЕmail, Байланыс телефоны

Тиісті мекеме басшысымен бекітілген әр қатысушыға 15 қазанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/seminarmusic сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Семинардың өтетін орны: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты» РММ, Байзақов көшесі, 304.

  • Қатысушылардың келуі –28 қазан
  • Жұмыстың басталуы –29 қазан
  • Семинардың аяқталуы –30 қазан, сағат 16:00-ден кейін
  • Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамақтануы, тұруы) – жіберуші тараптың есебінен.
  • Ұйымдастыру жарнасы – 25 350 (жиырма бес мың үш жүз елу) теңге.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Барлық сұрақтар бойынша: 8/7172/57-65-40 (Гульден Сериковна)