«Мектептегі робототехника: жобалау және оқушыларды дайындау» тақырыбында  республикалық  семинарды  өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2025 жылдың 12-13 қараша аралығында Астана қаласы білім басқармасының «Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей» базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектептегі робототехника: жобалау және оқушыларды дайындау»  тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты –  мұғалімдерді республикалық және халықаралық жарыстарға оқушыларды сапалы дайындауға және жарыстарға дайындықтың тиімді жолдарын меңгеруге бейімдеу.    

Семинардың міндеттері:

  1. Робототехника негіздері бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
  2. Жобалық оқытуды сабақ үдерісіне енгізу тәсілдерін үйрету.
  3. Заманауи робототехникалық құралдармен практикалық жұмыс ұйымдастыру.
  4. Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу алаңын құру.
  5. Республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындықтың тиімді модельдерін талқылау.

Күтілетін нәтижелер:

  • Қатысушы мұғалімдер робототехника мен жобалық оқытуды сабақтарында қолданудың жаңа әдістерін меңгереді.
  • Әдістемелік материалдар мен практикалық тапсырмаларды талқылайды.
  • Оқушыларды ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларға тартудың нақты құралдарын игереді.
  • Жаңа кәсіби байланыстар орнатып, республикалық деңгейдегі мұғалімдер қауымдастығына қосылады.

    Семинарға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.

Іс-шара соңында қатысушылар семинарға қатысқаны үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатын алады.

Семинарға қатысу үшін білім басқармасының басшыларымен, аймақтық «Дарын» орталықтарының директорларымен бекітілген сұранысты а. ж. 31 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша b.seidimkhan@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/Robosem2025    сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Қатысушының ата-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail
      

Қатысушылардың келу күні – 11 қараша, семинардың басталуы – 12 қараша, аяқталуы – 13 қараша сағат 18.00-ден кейін.

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге,  жолы, тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен төленеді.Барлық сұрақтар бойынша осы номерге хабарласуға болады:  8 (7172) 576540