«Келешек мектептер» білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған республикалық онлайн-семинарыныңАҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы еліміздің «Келешек мектептер» білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында халықаралық «EDU STREAM» білім беру компаниясымен бірлесіп, 16-17 қазан күндері, аталған мектептердің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн-семинар (бұдан әрі – Семинар) өткізеді.

Семинардың форматы: онлайн (Zoom / Microsoft Teams платформалары)

Өтетін күні мен уақыты:

  1. қазан, сағат 10:00–13:00 – бастауыш сынып мұғалімдеріне;
  2. қазан, сағат 10:00–13:00 – негізгі және жоғары сынып мұғалімдеріне.

Мақсатты аудитория: Келешек мектептерінің ағылшын тілі пәнінің бастауыш, негізгі және жоғары сынып мұғалімдері.

Семинардың мақсаты – ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, EDU Stream оқулықтары мен басқа да әдістемелік ресурстарды қолдана отырып, оқытудың заманауи тәсілдерін енгізу.

Семинардың міндеттері

  • бастауыш,    негізгі    және    жоғары    сыныптарда    ағылшын    тілін    оқытудың                        тиімді стратегияларын ұсыну;
  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру процесіне кіріктірудің практикалық үлгілерін көрсету;
  • оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын қарастыру;
  • мұғалімдерге практикада қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар беру. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға электронды сертификат беріледі.

Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 10 қазанға дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: e-mail: g.berdenova@daryn.kz.

Қатысушы педагогтер міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Englishseminar сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Семинарға   қосылу    сілтемесі    мен    қатысу    нұсқаулығы   қатысушылардың                                    электрондық пошталарына жолданады.

Семинар бағдарламасы

ТақырыбыСпикерУақыты
16 қазан, бастауыш сынып мұғалімдері үшін
1“Effective Strategies for Teaching with English Language 4: Enhancing Speaking, Reading, Writing and Listening Skills in Primary Classrooms”Садирбаева Дина Медетбековна, Edu stream білім беру компаниясының әдіскері, педагог-зерттеуші, Қызылорда облысы10.00-11.30
2“Effective Strategies for Teaching with English Language 4: Enhancing Speaking, Reading, Writing and Listening Skills in Primary Classrooms”Беляева Екатерина Николаевна, Edu stream білім беру компаниясының әдіскері, педагог-сарапшы, Қарағанды облысы11.30-13.00
17 қазан, орта және жоғары буын педагогтері үшін
1Integrating National and Universal Values in English Lessons Using Excel, Aspect and Action TextbooksКадырова Меруерт Данияловна, Edu stream білім беру компаниясының әдіскері, педагог-сарапшы, Жамбыл облысы,10.00-11.30
2Integrating National and Universal Values in English Lessons Using Excel, Aspect and Action TextbooksНазарбекова Ангела Кенесариевна, Edu stream білім беру компаниясының әдіскері, педагог-сарапшы, Түркістан облысы.11.30-13.00