Қазақстанда алғаш рет оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік олимпиадасы өтеді

🇰🇿 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу бастамасын көтерді.

💳 Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, қаржылық жауаптылық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

📨 Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі 17 қазан күні барлық өңірлерде офлайн форматта өтеді. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындайды. Үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алады.

🖇️ Барлығы төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді. Қорытынды кезеңде әр өңір мен республикалық білім беру ұйымдарынан үздік 150-ден астам оқушы бақ сынайды.

Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиада
9–11 (12) сынып оқушылары үшін

Серіктестер:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

Іс-шараның мақсаты

  • Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білімдері, біліктілігі мен дағдылары бар дарынды жастарды анықтау.
  • Оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және танымал ету.

Олимпиаданың міндеттері

  • Оқушылардың қаржылық шешім қабылдау кезінде қауіпсіз қаржылық мінез-құлық пен сыни ойлау дағдыларын дамыту.
  • Түрлі қаржылық ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру.
  • Қаржылық құралдарды қолдану және қаржылық тәуекелдерден қорғану бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдіру.

Олимпиаданың кезеңдері

Мектепішілік кезең
Формат: офлайн
Күні: 17 қазан
Өтетін жері: орта білім беру ұйымдарында
Қатысушылар: барлық қалаушылар
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмалар, бланкілер және дұрыс жауаптар
Іріктеу: әр ауданнан пәндік нәтиже бойынша үздік көрсеткен ең көп дегенде 30 оқушы келесі (аудандық/қалалық) кезеңге жолдама алады (оқыту тіліне қарамастан).


Аудандық / қалалық кезең
Формат: онлайн (Safe Exam Browser платформасы)
Күні: 14 қараша
Өтетін жері: аудан мектептерінің бірінде
Қатысушылар: мектептік кезеңнен үздік шыққан 30 оқушы
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
Маңызды: тапсырмаларды тарату немесе олимпиада тапсырмаларына қатысты кез келген ақпараттың сыртқа шығуы жағдайында сол ауданның барлық қатысушыларының жұмыстары ешқандай ерекшеліксіз жойылады.
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмаларды платформаға жүктеу, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамаларды жіберу
Іріктеу: облыс бойынша ең жоғары балл жинаған ең көп дегенде 30 оқушы (оқыту тіліне қарамастан) облыстық кезеңге жолдама алады.


Облыстық кезең
Формат: онлайн (Safe Exam Browser платформасы)
Күні: 15 желтоқсан
Өтетін жері: облыстың мектептері немесе ЖОО-ларының бірінде
Қатысушылар: облыс бойынша үздік 30 оқушы
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
Маңызды: тапсырмаларды тарату немесе олимпиада тапсырмаларына қатысты кез келген ақпараттың сыртқа шығуы жағдайында сол ауданның барлық қатысушыларының жұмыстары ешқандай ерекшеліксіз жойылады.
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмаларды платформаға жүктеу, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамаларды жіберу
Іріктеу: әр облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, РОО және «НЗМ» ДББҰ-дан ең жоғары балл жинаған 6 үздік оқушы республикалық кезеңге қатысу құқығын алады.


Республикалық кезең
Формат: офлайн
Күні: 2026 жылғы 20 мамырға дейін
Ұзақтығы: 3 күн
Өтетін жері: Астана қ.
Қатысушылар: әр облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, РОО және «НЗМ» ДББҰ-дан ең жоғары балл жинаған 6 үздік оқушы
Тапсырма түрі: 2 тур — ауызша және жазбаша
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмалар, жұмыстарды бағалау, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамалар