«Дарын» және EDU Stream: «Келешек мектептері» үшін әдістемелік қолдаудың жаңа көкжиектері

🏫 16-17 қазан күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен халықаралық «EDU STREAM» білім беру компаниясы бірлесіп, еліміздің «Келешек мектептері» білім беру ұйымдарына қолдау көрсету мақсатында «Express Publishing оқу-әдістемелік кешені арқылы ХХІ ғасыр дағдылары мен құндылықтарын дамыту» атты республикалық онлайн-семинар өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – «Келешек мектептері» ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи әдістемелер мен «EDU Stream» оқулықтарын тиімді қолдану тәжірибесін кеңейту болды.

📅 Семинар бағдарламасы аясында: 16 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сессия өтті; 17 қазан күні негізгі және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған бөлім жалғасын тапты.

Іс-шара барысында педагогтер ағылшын тілін оқытудың инновациялық тәсілдерімен, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру процесіне кіріктіру жолдарымен, сондай-ақ оқушылардың сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу дағдыларын дамыту әдістерімен танысты.

💬 Спикерлердің жұмысы жоғары бағаланды. Олар тыңдаушыларға сабақта қолдануға болатын тиімді әдістемелік құралдар ұсынып, шетел тілін оқытудың заманауи стратегияларын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Спикерлер қатарында: Садирбаева Дина Медетбекқызы – «EDU Stream» компаниясының әдіскері, педагог-зерттеуші (Қызылорда облысы); Беляева Екатерина Николаевна – «EDU Stream» компаниясының әдіскері, педагог-сарапшы (Қарағанды облысы); Қадырова Меруерт Даниялқызы – педагог-сарапшы (Жамбыл облысы); Назарбекова Ангела Кенесарқызы – педагог-сарапшы (Түркістан облысы).

Семинар соңында қатысушыларға электронды сертификаттар табысталды.

Бұл шара «Келешек мектептері» ұйымдарының мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мен кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынды.