Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне еліміз бойынша 35 мыңға жуық оқушы қатысты

17 қазанда еліміздің барлық өңірлерінде 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Бұл – аталған бағыттағы алғашқы ұлттық деңгейдегі білім сайысы.

Төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың мектепішілік кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 35 мыңға жуық оқушы қатысып, өз білімін сынады.

Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, цифрлық этика, жеке және отбасылық бюджет жоспарлау, инвестиция негіздері мен жауапты тұтынушылық мәдениеті тақырыптары бойынша жазбаша тапсырмаларды орындады.

Ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар келесі – аудандық (қалалық) кезеңге жолдама алды.

Аудандық/қалалық кезең 2025 жылғы 14 қарашада онлайн форматта (Safe Exam Browser платформасында), ал облыстық кезең 15 желтоқсанда өтеді.

Қорытынды республикалық кезең 2026 жылғы 20 мамырға дейін Астана қаласында өткізіліп, еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық білім беру ұйымдарынан келген 150-ден астам үздік оқушыны біріктіреді.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласындағы теориялық білімін және практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ осы бағыттағы білімді жастар арасында кеңінен насихаттау.

Жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Halyk Bank» АҚ және Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиада
9–11 (12) сынып оқушылары үшін

Серіктестер:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

Іс-шараның мақсаты

  • Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білімдері, біліктілігі мен дағдылары бар дарынды жастарды анықтау.
  • Оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және танымал ету.

Олимпиаданың міндеттері

  • Оқушылардың қаржылық шешім қабылдау кезінде қауіпсіз қаржылық мінез-құлық пен сыни ойлау дағдыларын дамыту.
  • Түрлі қаржылық ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру.
  • Қаржылық құралдарды қолдану және қаржылық тәуекелдерден қорғану бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдіру.

Олимпиаданың кезеңдері

Мектепішілік кезең
Формат: офлайн
Күні: 17 қазан
Өтетін жері: орта білім беру ұйымдарында
Қатысушылар: барлық қалаушылар
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмалар, бланкілер және дұрыс жауаптар
Іріктеу: әр ауданнан пәндік нәтиже бойынша үздік көрсеткен ең көп дегенде 30 оқушы келесі (аудандық/қалалық) кезеңге жолдама алады (оқыту тіліне қарамастан).


Аудандық / қалалық кезең
Формат: онлайн (Safe Exam Browser платформасы)
Күні: 14 қараша
Өтетін жері: аудан мектептерінің бірінде
Қатысушылар: мектептік кезеңнен үздік шыққан 30 оқушы
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
Маңызды: тапсырмаларды тарату немесе олимпиада тапсырмаларына қатысты кез келген ақпараттың сыртқа шығуы жағдайында сол ауданның барлық қатысушыларының жұмыстары ешқандай ерекшеліксіз жойылады.
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмаларды платформаға жүктеу, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамаларды жіберу
Іріктеу: облыс бойынша ең жоғары балл жинаған ең көп дегенде 30 оқушы (оқыту тіліне қарамастан) облыстық кезеңге жолдама алады.


Облыстық кезең
Формат: онлайн (Safe Exam Browser платформасы)
Күні: 15 желтоқсан
Өтетін жері: облыстың мектептері немесе ЖОО-ларының бірінде
Қатысушылар: облыс бойынша үздік 30 оқушы
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
Маңызды: тапсырмаларды тарату немесе олимпиада тапсырмаларына қатысты кез келген ақпараттың сыртқа шығуы жағдайында сол ауданның барлық қатысушыларының жұмыстары ешқандай ерекшеліксіз жойылады.
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмаларды платформаға жүктеу, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамаларды жіберу
Іріктеу: әр облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, РОО және «НЗМ» ДББҰ-дан ең жоғары балл жинаған 6 үздік оқушы республикалық кезеңге қатысу құқығын алады.


Республикалық кезең
Формат: офлайн
Күні: 2026 жылғы 20 мамырға дейін
Ұзақтығы: 3 күн
Өтетін жері: Астана қ.
Қатысушылар: әр облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, РОО және «НЗМ» ДББҰ-дан ең жоғары балл жинаған 6 үздік оқушы
Тапсырма түрі: 2 тур — ауызша және жазбаша
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмалар, жұмыстарды бағалау, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамалар