Астанада психологтердің республикалық семинары өтті

Астана қаласының №107 Келешек мектебінің базасында «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамыту үрдістері мен перспективалары» тақырыбындағы республикалық семинар өз мәресіне жетті.

Семинардың мақсаты – білім беру ортасында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамытудың қазіргі үрдістері мен перспективаларын талқылау, тәжірибе алмасу және тиімді тәжірибелерді айқындау болды.

Семинар спикерлері:

🎓 Ғалымдар:

• Мамбеталина Алия Сақтағанқызы – психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі;

• Нурадинов Алмат Сабитұлы – психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының доценті.

💡 Үздік педагог-психологтер:

Манатов Аслан Айтжанұлы, Нұрғазина Күнсұлу Серікқызы, Кәбелдинова Дәмел Нұрлыбекқызы, Ордабаева Жанар Бейсенбайқызы, Ермуханова Инара Ибраимқызы, Иманғалиева Мәдина Есенғалиқызы.

Семинар барысында «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсы жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары таныстырылып, отандық және бейімделген шетелдік әдістемелер ұсынылды.

Сонымен қатар өңірлік психологиялық қызметтердің тәжірибесі талқыланды.

Іс-шара аясында «Олимп шыңы» психология пәнінен республикалық олимпиада өткізілді.

Қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал бүгін олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады.