«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы бойынша ақпарат

«Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген Ереже негізінде 2025–2026 оқу жылына арналған кестеге сәйкес жоғары интеллектуалдық қабілеті бар, дайындығы жақсы және дарынды оқушыларды іріктеу әрі қолдау мақсатында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысын ұйымдастырады.

Сайыс үш кезеңнен тұрады:

1. Аудандық/қалалық кезең – 2025 жылғы қазан айында өткізіледі;

2. Облыстық кезең – бекітілген кестеге сәйкес (осы ереженің                             1-қосымшасында көрсетілген);

3. Қорытынды (республикалық) кезең – 2026 жылғы ақпан–наурыз айларында өтеді.

Аудандық/қалалық және облыстық кезеңдерге арналған тапсырмаларды аймақтық «Дарын» орталықтары дайындайды.

Аудандық кезең – 30 сұрақты,

Облыстық кезең – 60 сұрақты қамтиды.

Аудандық/қалалық іріктеу кезеңі Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Бұл кезең қазан айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Аудандық/қалалық іріктеу кезеңіне 11(12) сыныптан кемінде                  25 оқушы және жалпы саны 100-ден аспайтын оқушы қатыса алады.

Тестілеу уақыты – 45 минут.

Аудандық/қалалық кезең барысында НЗМ, РФММ және МББҰ секілді білім беру ұйымдары өз оқушылары үшін облыстық кезеңге жеке іріктеу жүргізеді.

Республикалық (қорытынды) кезеңге арналған тапсырмаларды «Хабар» Агенттігі және Агенттікпен кезеңді өткізуге тартылған өзге ұйымдар мен жеке тұлғалар әзірлейді.

Республикалық кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен 108 оқушы қатысады.

Қазіргі уақытта мектепішілік және аудандық кезеңдер басталып кетті, ал облыстық кезең қараша айында өтеді.

11-сынып оқушыларына арналған
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынының
ережесіне 1 қосымша

КүніҚаласы
2 қарашаАстана
3 қарашаПавлодар
10 қарашаКөкшетау
11 қарашаҚарағанды
17 қарашаСемей
24 қарашаӨскемен
1 желтоқсанТараз
5 желтоқсанҚызылорда
5 желтоқсанПетропавл
7 желтоқсанШымкент
10 желтоқсанОрал
15 желтоқсанЖезқазган
22 желтоқсанАтырау
25 желтоқсанТүркістан
10 қаңтарАқтөбе
12 қаңтарАқтау
26 қаңтарЖетісу
2 ақпанАлматы облысы
5 ақпанҚостанай
9 ақпанАлматы