«География пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері»  тақырыбында республикалық  семинарды  өткізу туралы ақпараттық хаты

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2024 жылдың 1-3 желтоқсан аралығында Алматы қаласы  №178 мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында «География пәнінен оқушыларды  олимпиадаға дайындау ерекшеліктері»  тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар(бұдан әрі – Семинар) өткізеді.

Семинардың мақсаты – география пәні бойынша оқушыларды олимпиадаларға дайындауды ұйымдастыру және әдістемесі мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың зерттеу және талдау дағдыларын дамыту бойынша тиімді тәжірибе және заманауи тәсілдермен алмасу.

Семинардың міндеттері:

  • әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмалардың мазмұны мен құрылымының ерекшеліктерін талдау;
  • оқушыларды олимпиадалардың теориялық және практикалық кезеңдеріне дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін талқылау;
  • география пәні мұғалімдері арасында кәсіби өзара тәжірибе және әдістемелік материалдармен алмасуға ықпал ету;
  • оқушыларды олимпиадаларға даярлаудың оқу-әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіру бағыттарын айқындау.

Іс-шараға қатысу үшін білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдері, білім басқармаларының әдістемелік орталықтары әдіскерлері шақырылады.

Семинар аясында «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО-ның  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасымен, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталық басшыларымен, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорларымен бекітілген сұранысқа сәйкес, семинарға қатысу үшін өтінімді а.ж. 20 қарашаға дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz  электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар 24 қарашаға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/SeminarGeography2025 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

 Қатысушының аты-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail
      

Қатысушылардың келу күні 1 желтоқсан, семинардың басталуы 2 желтоқсан, аяқталуы  3 желтоқсан сағат 18.00-ден кейін. Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (семинардың ұйымдастыру жарнасы 25 350 теңге, олимпиаданың – 4500 теңге,  жолы, тамақтануы, тұруы) төленеді.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 57-65-40 телефонына хабарласуға болады.