Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасына қатысуда

🇷🇺 Ресей Федерациясының Сочи қаласында жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы басталды. Байқауға әлемнің 50-ден астам елінен 300 жас ғалым қатысады.

Қазақстан құрамасы 6 оқушыдан және физика, биология, химия пәндері бойынша үш жетекшіден құралды.

Олар:

Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы

Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-тың 10-сынып оқушысы

Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы

Даниил Перепелица – Павлодар облысындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы

Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы

Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Ақпарат үшін:

IJSO – жасөспірімдердің ғылыми ой-өрісін дамытуға, олардың зерттеушілік қызығушылығын арттыруға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған беделді білім беру жарысы. Бұл олимпиада оқушылардың теориялық білімін, аналитикалық ойлауын және зертханалық дағдыларын дамытып, жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын күшейтеді.