Қолданбалы лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы қорытындыланды

ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 8-11 (12) сынып оқушыларына арналған қолданбалы лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасын өткізді.

🎯Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың қолданбалы лингвистикаға қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, сондай-ақ лингвистика бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысуға арналған олимпиадалық резерв қалыптастыру.

Ережеге сәйкес олимпиада үш кезеңнен тұрды:

1️⃣Бірінші (аудандық/қалалық) кезең 2025 жылғы 5 қарашада өтіп, оған 9 582 оқушы қатысты;

2️⃣Екінші (облыстық) кезең 2025 жылғы 24 қарашада ұйымдастырылып, оған 900-ге жуық оқушы қатысты.

3️⃣Алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша 2025 жылғы 23 желтоқсанда 71 оқушы республикалық үшінші кезеңге жолдама алды.

🎖️Республикалық кезеңнің нәтижесінде 32 жеңімпаз анықталды:

I орын – 6 оқушы, II орын – 10 оқушы, III орын – 16 оқушы.

🏆Сонымен қатар ең жоғары ұпай жинаған алғашқы 12 оқушы халықаралық олимпиадаларға қатысуға арналған олимпиадалық резерв құрамына қабылданды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы  8-11(12) сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасын өткізуді жоспарлап отыр.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиада 3 кезеңде қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі:

1-кезең (аудандық/қалалық) — 2026 жылғы 20 қазанда сағат 10:00-де офлайн форматта өткізіледі.

2-кезең (облыстық) — 2026 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-де офлайн форматта өткізіледі.

3-кезең (республикалық) — 2026 жылғы 30 қарашада сағат 10:00-де офлайн форматта өткізіледі. Қатысушылар «Дарын» өңірлік орталықтарында жиналады.

Аудандық/қалалық және облыстық кезеңдер облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымдары және  республикалық білім беру ұйымдары тарапынан «Дарын» РҒПО Әдістемелік кеңесі дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 8-11(12) сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасын өткізуді жоспарлап отыр.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиада 3 кезеңде өтеді:

1 (аудандық/қалалық) кезең 2025 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-де өтеді.

2 (облыстық) кезең 2025 жылғы 24 қарашада сағат 10:00-де өтеді.

3 (республикалық) кезең 2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10:00-де өтеді.