Мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатонын өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы Білім басқармасының №9 «Зерде» мамандандырылған лицейімен бірлесе отырып, жас педагогтерге кәсіби қарым-қатынас алаңын құру, заманауи педагогикалық идеялар мен технологияларды әзірлеп, апробациядан өткізу мақсатында     2026 жылғы 28–29 қаңтар күндері мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатонын (бұдан әрі – Хакатон) өткізеді.

Хакатонның негізгі идеясы – педагогтердің командалық жұмыс форматында заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық технологияларға сүйене отырып, білім беру мен тәрбиенің сапасын арттыруға бағытталған инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеп, ұсынатын қарқынды практикалық бағыттағы алаң құру.

Міндеттері:

  • қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелерін анықтау және талдау;
  • педагогтердің командалық және жобалық қызмет дағдыларын дамыту;
  • педагогтердің креативті және сыни ойлауын қалыптастыру;
  • республиканың әр өңірінен келген педагогтердің кәсіби өзара қарымқатысына ықпал ету;
  • жас педагогтердің кәсіби қоғамдастығында кәсіби өсуіне, өзін-өзі көрсетуіне және қолдау алуына мүмкіндік жасау.

Хакатонға әр мамандандырылған білім беру ұйымынан еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын бір педагог қатыса алады.

Мамандандырылған білім беру ұйымының директоры  бекіткен Хакатонға қатысу өтінімді, а.ж. 20 қаңтар айына дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Сонымен қатар, қатысушылар http://tiny.cc/TeachersHackathon2026 сілтемесі арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Қатысушының аты-жөні (толық) Жұмыс орны Лауазымы Еңбек өтілі Телефон,

e-mail

           

Іс-сапар шығындары (жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың келу күні 27 қаңтар, басталуы 28 қаңтар, аяқталуы  29 қазан сағат 13.00-ден кейін.