«Дарын» орталығы Конституцияның 33-бабына енгізілетін өзгерістерді талқылады

📋Бүгін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен өңірлік «Дарын» орталықтарының ұжымдары ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабына енгізілетін өзгерістерді талқылауға арналған онлайн-жиын өткізді.

🗣️Іс-шара барысында «Дарын» орталығының директоры Ғаждембек Қуанышұлы Тұрсынов пен директордың орынбасары Тимур Владимирович Давлет Конституцияның жаңа жобасына қатысты негізгі өзгерістерге тоқталып, білім мен ғылымды дамыту, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы басты құндылықтарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

📚Жиында орталықтың заңгері Малдыбай Серікұлы Кәдірбаев ҚР Конституциясының 33-бабына енгізілетін өзгерістер жөнінде баяндама жасап, білім беру саласындағы жаңашылдықтарды жан-жақты түсіндірді. Оның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың сапалы білім алуға, ғылыми-техникалық дамуға және балалардың құқықтарын қорғауға деген конституциялық құқықтарын одан әрі нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары орта білім беру жүйесіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

🖇️Талқылау қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар еліміздің қоғамдық-саяси дамуына серпін беретін конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтіп, ұсынылып отырған өзгерістерге қолдау білдірді.