Жас физиктер құрамасы APhO 2026 олимпиадасында жеті медаль жеңіп алды

🇰🇷Корея Республикасының Пусан қаласында өткен физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі білім бәсекесіне Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан астам елден 240-қа жуық дарынды оқушы қатысып, теориялық және тәжірибелік кезеңдер бойынша сынға түсті.

💫Беделді додада Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына жеті қола медаль мен бір құрмет грамотасын салды. Бұл – жас қазақстандықтардың жаратылыстану бағытындағы даярлығы мен ғылымға деген қызығушылығының жоғары деңгейін айғақтайтын маңызды жетістік.

🥉Қола медаль иегерлері:

Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 12-сынып оқушысы; Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы; Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Таир Әбдіқадір – Қостанай облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Дамир Құрман – Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 11-сынып оқушысы;

Арғын Сейткамит – Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 11-сынып оқушысы.

Құрмет грамотасымен Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мерген Сабыров марапатталды.

👨🏻‍🏫Ұлттық құрамаға жетекшілері – PhD, Al-Farabi Kazakh National University аға оқытушысы Қасымхан Байсейітов пен физика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері Даулет Құрмантаев.