Қазақстандық оқушылар халықаралық экономика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

🇰🇿🇨🇳Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында 12-20 шілде аралығында өткен экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

🥇🥈🥉Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын, үш күміс және бір қола медаль түсті:

🔺Мұхтархан Батырхан – Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, алтын медаль жеңіп алып, халықаралық экономика олимпиадасының екі дүркін алтын жүлдегері атанды.

🔺Кемелов Динмухаммед – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.

🔺Жапаров Альтаир – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.

🔺Сұлтанбек Аружан – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.

🔺 Қуанышбек Темірлан – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы, қола медаль.

👨‍🏫Ұлттық құраманы «Teenvestor» мектебінің директоры, ұлттық құрама жаттықтырушысы Руслан Мулдашев және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Зере Жарлагапова дайындады.

⚡️Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі елімізде дарынды жастарды қолдау және оларды халықаралық олимпиадаларға жүйелі даярлау жұмысының нәтижесін көрсетті. Әлемнің 61 елінен жиналған үздіктер арасындағы табысты өнер көрсету қазақстандық оқушылардың экономика, қаржы және бизнес бағыттары бойынша халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ℹ️Халықаралық экономика олимпиадасы (International Economics Olympiad, IEO) – экономика, қаржы және бизнес саласындағы дарынды мектеп оқушыларын біріктіретін әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі. Олимпиада барысында қатысушылардың экономика, қаржы және бизнес бағыттары бойынша білімі, аналитикалық ойлау қабілеті мен практикалық жағдайда тиімді шешім қабылдау дағдылары бағаланады.

2025 жылғы Халықаралық экономика олимпиадасы (International Economics Olympiad, IEO) 20–29 шілде аралығында Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өтеді. Бұл зияткерлік жарыс экономика, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейстерді шешу бағыттарынан тұратын, жоғары сынып оқушыларына арналған беделді халықаралық сайыс болып табылады.

IEO-ның басты мақсаты – оқушылардың экономикалық ойлау қабілетін, шешім қабылдау дағдыларын және кәсіпкерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен мәдени алмасуға ықпал ету.

Әлемнің 53 елінен 250-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы бес оқушыдан құралып, жоғары нәтижелер көрсетіп, бес жүлде: екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
🇰🇿Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте 9-орынға және бизнес-кейс бойынша әлемде 7-орынға ие болды. Салыстыру үшін, өткен жылы біздің құрамамыз жалпыкомандалық есепте 21-орында және бизнес-кейс бойынша 22-орында болған еді.
📚Бұл керемет нәтижеге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен олимпиадалық резерв арасындағы алғаш рет жүргізілген іріктеу және оқу-жаттығу жиындарының арқасында қол жеткізілді.
Жеңімпаздар тізімі:
🥈Айдархан Жұбатқан - Ақтөбе қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥈Жәңгір Ильжанов - Алматы облысының «Дана» жеке меншік мектебінің 10-сынып оқушысы;
🥉Әлия Мусаева - Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;
🥉Томирис Ыдырысбаева - Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
🥉 Батырхан Мұхтархан, Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
👨🏻‍🏫Нұрсұлтан Нұрмұханов - Қазақстан құрамасының жетекшісі, Назарбаев Университетінің магистранты;
👨🏻‍🏫Медет Жамбаев – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері.
ℹ️Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

IEO-бұл Экономика, Бизнес және Қаржыға қызығушылық танытатын жоғары сынып оқушылары арасында шығармашылық мәселелерді шешу дағдыларын ынталандыруға бағытталған олимпиада.

IEO 2024 ресми сайты