Қазақстандық жас географ Ерік Ерлан IJGO 2026 олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанды

🇰🇿Қазақстан құрамасы Сербияның Копаоник қаласында өткен географиядан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында (International Junior Geography Olympiad) жоғары жетістікке жетті. Білім додасына қатысқан 9 қазақстандық оқушының 7-еуі жүлдегер атанып, 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

🥇Алтын медальді Алматы қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ерік Ерлан иеленді. Ол олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды.

Күміс медаль иегерлері:

🥈Амантай Сырым – Қарағанды облыстық Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

🥈Махсот Ерасыл – Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы;

🥈Ерболат Ержан – Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

🥉Асылбек Дамир – Астана қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

🥉Ашигалиева Румия – Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

🥉Үсентайұлы Иманғали – Шымкент қаласындағы №1 дарынды балаларға арналған IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

👨🏻‍🏫Команда жетекшілері:

Искендиров Алмас, Сапарбеков Ерасыл – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері.

🌍Қазақстандық жас географтарды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!