2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XV республикалық математикалық турнирін өткізу туралы БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  2022 жылғы 6-10 маусым күндері Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау»XV республикалық математикалық турнирін өткізеді (бұдан әрі – Турнир).

Математикалық турнир математикалық білімді мектепте бұдан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.

Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығынан, жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 150-ге жуық 2-4 сынып оқушылары қатысады.

Турнир командалық сайыс түрінде 2 кезеңде өткізіледі: 1 кезең – аймақтық, 2 кезең – республикалық.

Турнирдің республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізіледі:

1 тур – «Әу, баста» (командалық есеп);

2 тур – «Асық» (командалық есеп);

3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).

Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және жеке сынақтарда анықталады. Ең жоғары ұпай санын жинаған команда турнир Кубогымен марапатталады.

Турнир ұстаздар мен ата-аналарға үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Турнирдің ашылу салтанаты – ағымдағы жылдың 6 маусым күні сағат 15.00-де ХББ НЗМ акт залында (2 Қалқаман ауд., Елибаев көш., 2).

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау  рәсімі – а.ж. 10 маусым күні сағат 10.00-де ХББ НЗМ акт залында (2 Қалқаман ауд., Елибаев көшесі, 2).

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша хабарласуға болады:

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Дарын» РҒПО-ы,  оф.207.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 57-01-60.