2023 жылғы 28 тамыз және 4 қыркүйек аралығында Сегед қаласында (Венгрия) Қазақстан құрама командасы информатика бойынша халықаралық олимпиадаға (IOI) қатысты.

Олимпиадаға 89 елден 347 оқушы қатысты.

Олимпиада 2 турда өткізілді. Олимпиада ережелері бойынша әрбір қатысушы ел информатика бойынша ұлттық олимпиаданың жеңімпаздарынан 4 қатысушыдан тұратын команда жіберуге құқылы.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 2 медаль және 2 құрмет грамотасын жеңіп алды:

  1. Күміс - Қорғанбаев Таймас - Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі;
  2. Қола - Серазитдинов Назар - Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
  3. Құрмет грамотасы - Ли Ван - Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі;
  4. Құрмет грамотасы - Мамадуханов Мансур Қызылорда қаласы, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

 

Сатылханов Темірлан Қайратұлы   - ғылыми жетекші, Astana IT университетінің оқытушысы, Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;

Сардарбеков Батыр – жетекші, Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Ағымдағы жылдың 28 тамыз - 4 қыркүйек аралығында Қазақстан құрама командасы Сегед қаласында (Венгрия) информатикадан халықаралық олимпиадаға (IOI-2023) қатысуда.

Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) 1989 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған олимпиадаға әлемнің 13 елінен 52 қатысушы қатысты.

Олимпиада ережелері бойынша әрбір қатысушы ел информатика бойынша ұлттық олимпиаданың жеңімпаздарынан 4 қатысушыдан тұратын команда жіберуге құқылы.

Олимпиаданың әр турында қатысушыларға бес сағат ішінде үш мәселені шешу ұсынылады. Әр қатысушы бір компьютерді қолдана отырып, тапсырмаларды дербес шешеді.

Қазақстан құрама командасы 1998 жылдан бері IOI-де өнер көрсетіп келеді. Алайда, Қазақстан құрамасы 1999 жылы Анталия қаласында (Түркия) өткен олимпиадада 1 қола медаль жеңіп алып, алғашқы наградаға ие болды.

Биылғы жылы Қазақстанның құрамы командасы 4 қатысушы және                   2 жетекшіден тұрады.

Команда құрамында:

  1. Қорғанбаев Таймас - Алматы қаласы «Республикалық физика-математика мектебі» 11-сынып;
  2. Ли Ван - Алматы қаласы, «Республикалық физика-математика мектебі» 11-сынып;
  3. Серазитдинов Назар - Алматы қаласы, «Республикалық физика-математика мектебі» 9-сынып;
  4. Мамадуханов Мансур Қызылорда қаласы, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, 9(8)-сынып. .

Жетекшілер:

Сатылханов Темірлан Қайратұлы   - Astana IT университетінің бас жаттықтушысы, Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;

Сардарбеков Батыр - Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Информатикадан Қазақстанның ұлттық құрама командасы беделді халықаралық олимпиадалар маусымын сәтті аяқтады. Қоржынымызда - 2 күміс және 2 қола медаль.

Биыл IOI 7-15 тамыз аралығында Джокьякарта қаласында (Индонезия) өтті және оған әлемнің 88 елінен 357 білімпаз қатысты.

Жүлдегерлермен таныс болыңыздар:

КҮМІС:

Жамбыл Мақсотов, БИЛ , Орал қ.;

Мухаммадариф Сахмолдин, ФМБ НЗМ, Семей қ.

ҚОЛА:

Ван Ли, РФММ, Алматы қ.;

Қорғанбаев Таймас, РФММ, Алматы қ.

Жетекшілер:

Темірлан Сатылханов – Astana IT University АСМ-тренері, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері;

Темірлан Байболов – Harbour Space University (Барселона, Испания) студенті, информатикадан республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Еске сала кетейік, 2021 жылы қазақстандық оқушылар 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Осылайша, 7 халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің білімпаздар рекорды 27 медаль (3 алтын, 15 күміс, 9 қола) мен 1 Құрмет грамотасын жеңіп алды.

IOI-2022 жүлдегерлерін, олардың жаттықтырушыларын, педагогтары мен ата-аналарын керемет нәтижелерімен құттықтаймыз!

Информатика пәні бойынша Қазақстанның ұлттық құрама командасы Информатикадан Халықаралық олимпиадаға (IOI) қатысу үшін Индонезияға аттанды. Биыл жарыс Джокьякарта қаласында 8-15 тамыз аралығында өтеді.

Алғаш рет IOI 1989 жылы Болгарияда өткізілді, Қазақстанның құрама командасы оған 1998 жылдан бастап қатысып келеді.

Олимпиада екі күннен тұрады. Онда қатысушыларға алгоритмдік тапсырмаларды шешу және бағдарламалау ұсынылады.

Қазақстанның ұлттық құрама командасы 4 оқушыдан тұрады:

Жамбыл Мақсотов, БИЛ , Орал қ.;

Ван Ли, РФММ, Алматы қ.;

Қорғанбаев Таймас, РФММ, Алматы қ.;

Мухаммадариф Сахмолдин, ФМБ НЗМ, Семей қ.

Жетекшілер:

Темірлан Сатылханов – Astana IT University АСМ-тренері, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері;

Темірлан Байболов – Harbour Space University (Барселона, Испания) студенті, информатикадан республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Еске сала кетейік, 2021 жылы қазақстандық оқушылар 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Балаларға сәттілік тілейміз және олардың жеңіспен оралуына сенімдіміз!

Информатика бойынша 32-ші халықаралық  олимпиадасы(IOI 2020)   13-19 қыркүйек аралығында онлайн форматында өткізіледі.

Информатика бойынша халықаралық  олимпиадасы – халықаралық деңгейде интеллектуалды біріншілікте сайысатын бүкіл әлемнің жас программистерін біріктіретін жарыс.

Информатика бойынша халықаралық  олимпиадасының негізгі мақсаты – әр түрлі елдерден информатика және ақпараттық технологиялар саласында талантты оқушыларды анықтау және қолдау болып табылады.

Информатика бойынша 32-ші халықаралық  олимпиадасы (IOI 2020) биылғы жылы Сингапур ұлттық университетінде өтуі тиіс еді. Алайда  IOI 2020 ұйымдастырушы комитеті қалыптасқан пандемия жағдайында Олимпиаданы онлайн форматында өткізу туралы шешім қабылдады.

ІОІ 1989жылдан ЮНЕСКО қолдауымен өткізілетін беделді интеллектуалды олимпиадалардың бірі боп табылады.Өзінің танымалдығы жағынан Халықаралық математикалық олимпиадасынан кем түспейді.Жарыс екі кезеңнен тұрады. Бір турға 5 сағат уақыт бөлінеді. Осы уақыт ішінде оқушылар 3 түрлі есепті шешіп, алгоритмикалық бағдарламасын жасау керек.

Айта кетейік, Қазақстан бұл олимпиадада 1998 жылдан бері қатысуда. Ереже бойынша командада 4 қатысушыдан артық болмау керек. Құрама команда мүшелері информатика бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша таңдалып алынды.

IOI 2020-ға қатысушы құрама команда мүшелері: Байболов Темирлан – Өскемен қ. «Білім-инновация»  мамандандырылған лицейінің түлегі;  Кызырканов Парасат - Алматы қ. РФММ –нің в түлегі; Жамбыл Максотов – Орал қ. «Білім-инновация»  мамандандырылған лицейінің оқушысы; Тимур Ратников - Алматы қ. РФММ –нің оқушысы.

Информатикадан Ұлттық командасына IOI 2020-да  жеңіс тілейміз!