2025 жылғы 12 ақпанында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған Сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.

Олимпиада ағылшын тілінде 2 кезеңде өтеді.

1 (іріктеу) кезең-2025 жылғы 12 ақпанда онлайн режимінде республиканың барлық өңірлерінде бір уақытта өткізілді. Өту форматы: 50 сұрақтан құрастырылған тест. Берілетін уақыт: 90 минут.

Бірінші кезеңнің нәтижесі 2025 жылғы 19 ақпан күні «Дарын» РҒПО ресми сайтында жарияланады. Республикалық есепте ең көп ұпай жинаған үздік 100 қатысушы екінші кезеңге өтеді.

*Егер 100-ші орынға бірнеше қатысушы түссе, ұйымдастыру комитеті екінші кезеңге қатысушылар санын көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдайды.

2 (республикалық) кезең-2025 жылғы 12 наурызда өтеді.

Өту форматы: ұсынылған цитаталардың біріне көлемі 500 сөзден аспайтын эссе жазу. Қатысушы цитатаны өзі таңдап, эссені арнайы бланкке қолмен жазады.

Екінші кезең қазылар алқасы тарапынан бағаланады және нәтижелер екі апта ішінде «Дарын» РҒПО ресми сайтында жарияланады.