«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорның директоры бос лауазымдық орнына конкурс

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік даңғылы, 8, 11-кіреберіс, «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) директоры лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Астана қаласы , Мәңгілік Ел даңғылы 8/2, телефоны: 8 (7172) 57-65-56.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының дарынды балаларын анықтау, дамыту үшін және әлеуетті мүмкіндіктерін және шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы; техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің www.e-qazyna.kz веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар мен өтініштерді ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 26 наурыздан бастап 3 сәуірге дейін.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Анықтама үшін: 8 (7172) 74-21-29
Эл.пошта: ka.idrisova@edu.gov.kz