Қазіргі цифрлық дәуір білім беру жүйесіне жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа жауапкершілік жүктейді. Жасанды интеллект, STEM технологиялар, деректерді визуализациялау мен цифрлық жобалар білім сапасын арттырудың қуатты құралына айналуда. Алайда бұл үдерістер тәрбиелік құрамдассыз жүзеге асса, өзінің негізгі миссиясын толық орындай алмайды.

Осы республикалық семинардың басты мақсаты – «Адал азамат» идеясын мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде цифрлық технологиялармен үйлестіре отырып, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жаңа деңгейге көтеру жолдарын талқылау.

Семинар барысында: STEM және жасанды интеллекттің пәнаралық интеграциядағы әлеуеті, мұғалімнің жаңа цифрлық-педагогикалық рөлі, оқушының зерттеушілік, азаматтық және этикалық жауапкершілігін қалыптастыру тетіктері, мектеп басқаруындағы цифрлық трансформацияның тәрбиелік өлшемі тәжірибелік мысалдар мен нақты жобалар негізінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беру жүйесінде цифрлық трансформацияны енгізу арқылы дарынды балаларды оқыту әдістерін жетілдіру, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық тәжірибелерді қалыптастыру  және тарату мақсатында Қостанай облысының мамандандырылған білім беру ұйымдары базасында а.ж. 12-13 ақпан аралығында  кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесін (бұдан әрі – ОӘК) өткізеді.

ОӘК кеңейтілген отырысына қатысуға аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары шақырылады.

Іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді. ОӘК келу күні – 11 ақпан, аяқталуы – 13 ақпан сағат 17.00-ден кейін.

ОӘК қатысушыларына Қостанай қаласындағы келесі қонақ үйлерге орналасу ұсынылады.

 

Мекенжай Қонақ үй атауы Бағасы Таңғы ас
Баймағанбетов, 166А Медеу Бір орынды 28.000

Екі орынды 34.000

Бөлме бағасына кіреді
Әл-Фараби даңғылы, 26 Глория Екі орынды – 16.000

Жартылай люкс – 23.000

Люкс – 25.000

Бөлме бағасына кіреді
Толстой, 53 Айдана Plaza Екі орынды – 18.000

Люкс – 22.000

Таңғы ас берілмейді
Байтұрсынұлы, 95 Целинная Бір орынды – 13.000

Екі орынды – 19.000

Таңғы ас берілмейді
Екі орынды бөлмелерде жатар орындары бөлек орналасқан

 

Қатысу туралы сұранысты а.ж. 28 қаңтарға дейін төмендегі мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8а, тел.: 8/7172/ 57-65-40, e-mail: g.berdenova@daryn.kz

Әр қатысушыға 28 қаңтарға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/UMS2026Kostanai сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Дарынды балаларды оқытуда жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрлық құралдарды қолдану олардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін тиімді оқыту әдістерін жасауға мүмкіндік береді. Цифрлық технологиялардың дарынды балаларды оқытудағы рөлі мен артықшылықтары талқыланады.

Дарынды балаларды оқыту – ерекше тәсілді қажет ететін маңызды сала. Балалардың шығармашылық қабілеттері мен зияткерлік мүмкіндіктерін толық ашу үшін заманауи технологияларды қолдану өзекті мәселе болып отыр. Жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрлық технологиялар оқыту процесін даралап, олардың жеке қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беру жүйесінде цифрлық трансформацияны енгізу арқылы дарынды балаларды оқыту әдістерін жетілдіру, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық тәжірибелерді қалыптастыру  және тарату мақсатында Түркістан облысының мамандандырылған білім беру ұйымдары базасында а.ж. 13-14 ақпан аралығында  кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесін (бұдан әрі – ОӘК) өткізеді.

ОӘК кеңейтілген отырысына қатысуға аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары шақырылады.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді. ОӘК келу күні – 12 ақпан, аяқталуы – 14 ақпан сағат 16.00-ден кейін.

ОӘК қатысушыларына Шымкент қаласы, Дулати көшесі №211А. мекен-жайы бойынша орналасқан “Ramada by Wyndham” қонақ үйінен орындар қарастырылған. Қонақ үйде тұру құны күніне 12 500 (екі орындық бөлмелерде           1 адамға он екі мың бес жүз теңге + таңғы ас, бір орындық бөлме 20 000 теңгеден басталады).

Қатысу туралы сұранысты а.ж. 1 ақпанға дейін төмендегі мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8а, тел.: 8/7172/ 57-65-40, e-mail: sairanbb181@gmail.com

Әр қатысушыға 1 ақпанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/UMSDaryn2025 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.