Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасының ӨТУ КЕСТЕСІ

ГРАФИК

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының (әрі қарай – «Дарын» РҒПО) 2024 жылғы жоспарына сәйкес а.ж. 3-4 қазан аралығында «Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушыларына арналған  «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасын өткізеді. (бұдан әрі – Олимпиада).

Олимпиаданың Ережесі daryn.kz сайтында орналастырылған.

Ережеге сәйкес Олимпиадаға қазақ мектептерінде оқымайтын, ұлты қазақ емес 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысу үшін www.games.daryn.kz сайтында тіркелу қажет.  Аккаунттың енгізілгенін және деректердің дұрыстығын тексеру үшін (қатысушының аты-жөні) www.games.daryn.kz сілтеме бойынша жеке кабинетке 2024 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) кіру қажет. Егерде Аккаунт болмаған жағдайда 27-30 қыркүйек (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) аралығында www.games.daryn.kz сайтына тіркелу қажет.

Тіркелу кезінде әр қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын пайдаланады (өзге адамның  электрондық  поштасы болмауы керек).

Өткізу уақыты мен кестесі туралы қосымша ақпарат 2024 жылғы                             1 қазанда www.games.daryn.kz сайтында  жарияланады.

Қатысушылар Олимпиадалық тапсырмаларын белгіленген уақыттың ішінде орындай алады. Қатысушыларға тек компьютер немесе ноутбук және Google Chrome браузері қолдану ұсынылады. Олимпиаданы өткізу кезінде ашықтықты сақтау мақсатында, онлайн режимінде көру үшін, бейнебақылау жүйесін қамтамасыз ету қажет (бір аудиторияда жалпы түрдегі кемінде екі камера).

Олимпиада тапсырмаларын орындау кезінде, академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін, бақылауды көрсетілген мерзімде YouTube трансляциясы бойынша ОББД (Орта білім беруді бақылау департаменті), «Дарын» РҒПО, өңірлердің білім басқармаларының өкілдері, «Адалдық аланы» өкілдері, өңірлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері жүзеге асыратын болады.

Олимпиада қатысушылары тарапынан бұзушылықтары анықталған жағдайда нәтижелері жойылады.

2024 жылғы 1 қазан күні өңірлік Дарын орталықтарына облыс бойынша өту орнын дайындауға және YouTube трансляциясының сілтемелерін толтыруға арналған мектеп және қатысушылар тізімі беріледі. Сол тізім бойынша мектептер қатысушыларға орын (YouTube трансляциясы қосылған кабинет және интернетке қосылған компютер немесе ноутбук) дайындаулары қажет.

Сілтемелерді жинау өңірлік Дарын орталықтарына жүктеледі.

Олимпиада аяқталғаннан кейін, 2024 жылғы 11 қазанынан бастап, қатысушылар өздерінің жеке кабинеттеріне кіріп, нәтижелерін www.games.daryn.kz сайтында тексере алады.

Қосымша нұсқаулар www.games.daryn.kz сайтында жарияланады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты өзге ұлт өкілдерінің  5-11 (12) сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі қарай – Олимпиада) ағымдағы  жылдың 21-22 қыркүйегінде  www.games.daryn.kz платформасында өткізді.

Олимпиадаға республика бойынша 16 856  мектеп оқушылары  қатысты.

Оның ішінде: 10555 оқушы - 5-8 сынып; 6301оқушы - 9-11(12)  сынып.

Ең жоғары ұпай жинаған жалпы қатысушылар санының 45% -ы «Дарын» РҒПО-ның  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданың сынып бойынша балл аралығы

Сынып I орын

 

2 орын

 

3 орын Максималды балл
5 170-158 157-154 153-146 170
6 170-159 158-154 153-147 170
7 170-160 159-155 154-146 170
8 170-162 161-157 156-148 170
9 170-157 156-151 150-142 170
10 170-143 142-138 137-130 170
11(12) 170-161 160-156 155-148 170

 

I,II,III дәрежелі дипломдарымен марапатталған оқушылар саны

 

Сынып I дәрежелі диплом

 

II дәрежелі

диплом

III дәрежелі

диплом

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны
5 303 377 694 1374
6 259 364 567 1190
7 210 394 597 1201
8 241 407 681 1329
9 306 428 680 1414
10 214 312 556 1082
11(12) 106 141 255 502
5-11(12) 1639 2423 4030 8092

 

Олимпиаданың қорытындысы мен нәтижелері www.daryn.kz сайтында жарияланды.

Қатысушылар сертификаттар мен дипломдарды Платформадағы жеке кабинеттерінен жүктей алады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдерінің 5-11 (12) сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі қарай – Олимпиада).

Олимпиада мақсаты - қарым-қатынас, зияткерлік және рухани даму құралы ретінде мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытатын, лингвистикалық бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Олимпидаға қазақ мектептерінде оқымайтын, ұлты қазақ емес 5-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпида Ережесі «Дарын»РҒПО ресми сайтында www.daryn.kz. орналасқан.

Қатысушылар www.games.daryn.kz платформасындағы (бұдан әрі - Платформа) жеке кабинетіне кіріп, олимпиадаға қатысуын растауы керек. Жеке кабинеті болмаған жағдайда, қатысушылар ең алдымен Платформада тіркелуі қажет. Платформаға тіркелу және Олимпиадаға қатысуды растау ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде (Астана қ. уақыты бойынша) қолжетімді болады.

Олимпиада қашықтықтан онлайн режимде Платформасында ағымдағы жылдың 21 қыркүйекте 5-8 сынып оқушылары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін, ал 22 қыркүйекте 9-11 (12) сынып оқушылары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) қатыса алады.

Оқушы жеке кабинетте қатысуын растамаса, Олимпиадаға қатысуға жол берілмейді.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің дипломына оқушыны олимпиадаға дайындаған мұғалімінің аты-жөні, тегі қоса жазылады.

Қатысушылар сертификаттар мен дипломдарды Платформадағы жеке кабинеттерінен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегі күні сағат 9:00-ден бастап жүктей алады.

Осы хатқа Олимпиада нұсқаулығы қоса беріледі.

2022 жылғы 28 сәуірде қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-9 сынып оқушылары арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты республикалық олимпиадасы қашықтықтан өткізілді.

Олимпиадаға 11059 оқушы қатысты. Оның ішінде, 6645 оқушы 5-7 сынып, 4413 оқушы 8-9 сынып оқушылары.

Олимпиаданың Ережесені сәйкес, қатысушы олимпиадашылардың (5-9 сынып аралығындағы) 444-і бірінші орын, 669-ы екінші орын, 1109-ы үшінші орынға ие болды.

 

Ең жоғары ұпай жинаған жалпы қатысушылар санының 45%-ы «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады:

5-7 сынып бойынша:

– 95-101 ұпай – І орын;

– 91-94 ұпай – ІІ орын;

– 84-90 ұпай – ІІІ орын.

 

8-9 сынып бойынша:

– 87-95 ұпай – І орын;

– 83-86 ұпай – ІІ орын;

– 75-82 ұпай – ІІІ орын.

Ескерту: Олимпиада қатысушылары ағымдағы жылдың 23 мамыры күні сағат 18.00-ге дейін www.games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинетіне кіріп өзінің ұлтын көрсетіп, мәліметтерді сақтауы қажет. Ал бұл өз кезегінде 25 мамыр күні қатысушылардың сертификаттары мен дипломдары дұрыс мәліметтермен жүктеп алынуы үшін қажет.

Сайтта Олимпиада нәтижелерін жариялау кезінде www.games.daryn.kz қатысушының аты-жөні, баллы және пошта атауының басталуы көрсетіледі (мысалы: B.SH.mad*** - сайтта көрсетілген поштаны еске салу үшін app.oqylyq.kz).

5 сынып/класс

6 сынып/класс

7 сынып/класс

8 сынып/класс

9 сынып/класс

===== WWW.DARYN.KZ =====

2022 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдерінің 5-9 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға оқушылар қашықтықтан қатысып, онлайн форматта app.oqylyq.kz сайтында тапсырмалар орындады.

Қатысушы оқушылардың көптігіне байланысты олимпиаданың қорытындысы 19 мамырда daryn.kz сайтына шығарылады.

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды туры онлайн тәртібінде прокторинг жүйесінде 28 қаңтарда өткізілді.

Дәстүрлі түрде олимпиада 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Олимпиада екі турдан тұрды – қашықтық және қорытынды. Олимпиаданың қашықтық турына 9579 өзге ұлт оқушылары қатысты. Оның ішінде 5-8 сынып аралығында 6751 оқушы, 9-10 сынып аралығында 2828 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытынды турына өзге ұлт өкілдерінен барлығы 145 оқушы қатысты. Оның ішінде 5-8 сыныптан - 80, 9-10 сыныптан – 65 оқушы, оның ішінде 27 оқушы ауылдық білім беру мекемелерінен.

Қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары екі топқа бөлінді: түркітілдес ұлт оқушыларына және өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар.  Тест тапсырмалары 60 сұрақтан тұрды, қатысушылар лексика-граммматика бойынша 30 тапсырманы және оқу бойынша 30 тапсырманы орындады. Тапсырмаларды орындауға 60 минут уақыт берілді.

І дәрежелі дипломдармен  9 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдармен 16 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен  28 қатысушы марапатталады. Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдары беріледі, ол 8 ақпанда www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Олимпиаданың жабылу салтанаты YouTube каналында 2021 жылдың 5 ақпанында сағат 15.00-де өтеді.

 

5-8 кл иные этносы

5-8 кл туркояз

9-10 кл иные этносы

9-10 кл туркояз

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының 1 туры онлайн тәртібінде 18 қаңтарда «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында өткізілді.

Олимпиадаға өзге ұлт өкілдерінен барлығы 9579 оқушы қатысты. Оның ішінде 5-8 сыныптан - 6751, 9-10 сыныптан – 2828 оқушы.

2 тур – қорытынды (республикалық), қашықтық турдың қорытындысы бойынша онлайн тәртібінде а.ж. 28 қаңтарда сағат 15.00-де прокторинг және бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы өтеді. Олимпиаданы ұйымдастыру «Дарын» РҒПО www.daryn.kz сайтында өткізіледі.

Қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары:

- түркітілдес ұлт оқушыларына арналған тапсырмалар;

- өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар болып бөлінеді.

Олимпиадалық тапсырмаларға мыналар кіреді:

лексика - грамматика– 30 тапсырма;

оқу – 30 тапсырма.

Турдан өту уақыты – 60 минут.

Тіркелу кезінде көрсетілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеру қажет. Тіркеуден кейін енгізілген мәліметтерді өзгерту мүмкін емес.

Олимпиаданың қорытынды турына қашықтық турда ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады. Қорытынды турға өткен оқушылардың тізімі «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында жарияланады және өңірлік координаторларға жіберіледі.

Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдары беріледі, ол www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Қорытынды тур бойынша нұсқаулық www.daryn kz сайтында жарияланады.

5-8 сыныптар

9-10 сыныптар