7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

📍 Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

🔢 Қорытынды кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен 530-дан астам оқушы қатысып, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша білім сайысында бақ сынады. Барлығы 232 жүлде сарапқа салынды.

🎓 Салтанатты рәсімде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айгүл Каркулова мен ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай құттықтау сөз сөйледі.

🥇🛍 Нәтижесінде 49 оқушы – І дәрежелі диплом мен алтын медальға, 67 оқушы – ІІ дәрежелі диплом мен күміс медальға, 116 қатысушы – ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальға ие болды. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитеті тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

🏆 Екі бағыт бойынша үздік командалар анықталды.

🔢🔬Жаратылыстану-математикалық бағыт:

І орын – Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ, ІІ орын – Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстары,

ІІІ орын – Ақмола, Павлодар облыстары, Алматы қаласы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.

📗🪶Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

І орын – Маңғыстау облысы, ІІ орын – Алматы қаласы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, ІІІ орын – Астана қаласы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстары.

💬 Қатысушылар олимпиададан алған әсерлерімен де бөлісті. Шымкент қаласынан келген Сымбат Сапабек:

– Еліміздің әр өңірінен келген 530-дан астам оқушының арасынан озып, алтын медаль алу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – көп жылдар бойғы еңбегімнің жемісі. Ата-анама, ұстаздарыма және ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Олимпиада барысында өткен тренингтер мен мәдени-танымдық іс-шаралардан көптеген достар тауып, ерекше әсер алдым, – дейді жеңімпаз.

📢 Барша қатысушыларды құттықтаймыз!

Пән Сілтеме
Ағылшын тілі 7-сынып Қарау
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі 7-сынып Қарау
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі 8-сынып Қарау
Ағылшын тілі 8-сынып Қарау
Орыс тілі мен әдебиеті 7-сынып Қарау
Орыс тілі мен әдебиеті 8-сынып Қарау
Қазақ мектептеріндегі орыс тілі 7-сынып Қарау
Қазақ мектептеріндегі орыс тілі 8-сынып Қарау
Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып Қарау
Қазақ тілі мен әдебиеті 8-сынып Қарау
Қазақстан тарихы 7-сынып Қарау
Қазақстан тарихы 8-сынып Қарау
Информатика 1 Қарау
Информатика 2 Қарау
Информатика 3 Қарау
Информатика 4 Қарау
Математика, Биология, Химия, Физика, География 1 Қарау
Математика, Биология, Химия, Физика, География 2 Қарау
Математика, Биология, Химия, Физика, География 3 Қарау
Математика, Биология, Химия, Физика, География 4 Қарау

Пән Сілтеме
Математика, Физика-1 Қарау
Математика, Физика-2 Қарау
Математика, Физика-3 Қарау
Математика, Физика-4 Қарау
Химия-1 Қарау
Химия-2 Қарау
Химия-3 Қарау
Химия-4 Қарау
Биология-1 Қарау
Биология-2 Қарау
География-1 Қарау
География-2 Қарау
География-3 Қарау
Информатика-1 Қарау
Информатика-2 Қарау
Информатика-3 Қарау
Информатика-4 Қарау

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне 95 282 оқушы қатысады.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.

Олимпиада екі бағыттағы пәндер бойынша өтеді:

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  1. Қазақстан тарихы
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті
  3. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі
  4. Орыс тілі мен әдебиеті
  5. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
  6. Ағылшын тілі

 

Жаратылыстану-математикалық бағыт

  1. Математика
  2. Информатика
  3. География
  4. Физика
  5. Химия
  6.   Биология

Олимпиада 7 сыныптар үшін 7 ақпан Астана уақытымен сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері;

Астана уақытымен 14:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты пәндері;

Олимпиада 8 сыныптар үшін 8 ақпан Астана уақытымен сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері;

Астана уақытымен 14:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты пәндері.

Пәні/предмет Сілтеме/Ссылка
Математика Қарау/смотреть
Физика Қарау/смотреть
Химия Қарау/смотреть
Биология Қарау/смотреть
География Қарау/смотреть

Жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Биыл пандемия жағдайына байланысты Олимпиада бір мезетте республиканың барлық облыстарда Oqylyk.kz. платформасында прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізілді. Олимпиада математика, физика, химия, биология, информатика және география пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өтті.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне 466 оқушы қатысты. Оның ішінде 7 сыныптар арасында I - дәрежелі дипломмен 23 оқушы, II - дәрежелі дипломмен  34 оқушы, III - дәрежелі дипломмен 46 оқушы марапатталды. 8 сыныптар арасында I - дәрежелі дипломмен 22 оқушы, II - дәрежелі дипломмен  35 оқушы, III - дәрежелі дипломмен 53 оқушы марапатталды.

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы қорытындысын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/hOwV9Ggkepk

Дипломдар мен сертификаттар

Алғыс хаттар

Тапсырмалар

Қорытынды хаттама

Шешімдері

Қатысушылар тізімі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) аяқтады.

Ағымдағы оқу жылында пандемияға байланысты Олимпиада қашықтықтан 2 кезеңде математика, физика, биология, химия, информатика және география пәндері бойынша республиканың білім беру мекемелерінің 8 - 9 сынып оқушылары үшін 7 - 8 сыныптардың оқу бағдарламасы бойынша өткізілді.

Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.

Облыстық кезеңге 558 білім беру ұйымдарынан 1992 мектеп оқушылары қатысты. Математика - 376, физика - 346, химия - 308, биология - 352, информатика - 327, география - 283 қатысушы.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 510 жеңімпаз бен жүлдегер ZOOM және EXAM.NET платформалары арқылы қашықтықтағы форматта 2020 жылы 28 қазанда өткен республикалық кезеңге қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен  І дәрежелі дипломдармен - 43 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 71 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 119 оқушы. Барлығы 233 жеңімпаз бен жүлдегер.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүлделі орындарға сәйкес облыстар арасындағы рейтингті қорытындылады. Дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қ. қатысушылар командасы бірінші орынды иеленді (22 марапат), Павлодар облысының командасы екінші орынды (21 марапат), үшінші орынды Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының (16 марапат) командалары иеленді.

Мектептердің рейтингі халықаралық спорттық және интеллектуалды олимпиадаларда қабылданған әдістеме бойынша есептелді: алдымен алтын медальдардың саны, содан кейін – күміс және қола медальдар есептеледі.

Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ұстаздар мен ата-аналарды олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

Пәні Тапсырмалар Шешімдер Қатысушылардың жұмыстары
Математика
Физика
Химия
Биология
География
Информатика