Қазақстандық жас географ Андрей Енбахтов әлемнің үздіктерін басып озып, абсолютті чемпион атанды

🔝1️⃣Қазақстандық оқушы Андрей Енбахтов географиядан халықаралық олимпиадада абсолютті чемпион атанды. Ол алтын медаль жеңіп алып, жеке есепте бірінші орынға ие болды

🇹🇷11-17 тамыз аралығында Түркияның Стамбұл қаласында International Geography Olympiad (IGeO 2026) халықаралық география олимпиадасы өтті. Биылғы білім додасына ұлттық іріктеу кезеңдерінен өткен 50 елден 184 оқушы қатысты.

🏆🥇Қазақстан құрамасының мүшесі, Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Андрей Енбахтов олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсетіп, абсолютті чемпион атанды. Ол осымен екінші жыл қатарынан IGeO-да алтын медаль иеленді.

🥇🔝9️⃣Қазақстандық тағы бір оқушы – Жетісу облыстық Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Бекбол Дарын алтын медаль жеңіп алып, жеке есепте 9-орынға тұрақтады.

🥈🥈Шығыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Амир Дарынов пен Алан Козленко күміс медаль тағынды.

🔝2️⃣Осылайша, Қазақстан құрамасы 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Ұлттық құрама бұл көрсеткіш бойынша былтырғы нәтижесін қайталады.

🔝👨🏻‍🏫👨🏻‍🏫Қазақстан құрамасына республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері Абай Дүйсен мен NU студенті Алмас Искендиров жетекшілік етті.

▶️Айта кетейік, Қазақстан халықаралық география олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған.

✨Қазақстан құрама командасының мүшелерін, жетекшілері мен тәлімгерлерін, ата-аналарын және білім беру ұйымдарының ұжымдарын айтулы жеңіспен құттықтаймыз!