Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылдың 29-30 сәуір аралығында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалін қашықтық форматта өткізді (бұдан әрі-Фестиваль).

Фестивальдің негізгі мақсаты- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 Фестивальдің міндеттері:

- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қоғамның әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне бейімдеу; 

- балалардың тең мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін кедергісіз ортаны дамыту және танымал ету болып табылады;

- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған шығармашылық қабілеттерін іске асыруда әріптестікті орнату және кеңейту.

Фестивальге республиканың білім беру ұйымдарының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылар қатыса алады.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) Вокалдық орындау: жеке ән айту, ымдау тілінде ән айту.

2) Би билеу, оның ішінде арбамен билеу.

3) Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер.

4) Сәндік-қолданбалы шығармашылық.

5) Техникалық өнертабыстар

6) Компьютерлік әзірлемелер, робототехника

Іс-шараның қорытынды кезеңіне ережеге сәйкес аймақтық кезеңнен өткен 62 жеңімпаз қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификат алды.

Жүлдегерлер тізімі

«Шексіз өмір» республикалық фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ағымдағы жылдың 20-27 қазан аралығында «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Фестивальдің міндеттері:

1) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қоғамның әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне бейімдеу;

2) балалардың тең мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін кедергісіз ортаны дамыту және танымал ету болып табылады;

3) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған шығармашылық қабілеттерін іске асыруда әріптестікті орнату және кеңейту;

Фестивальге жалпы 101 оқушы, республиканың әр аймағынан 4 ұжымдық топ қатысты.

Фестиваль екі кезеңде өтті: бірінші кезең - іріктеу (аймақтық); екінші кезең - республикалық, оған бірінші аймақтық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Фестивальге «Вокалдық орындау жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту» номинациясы бойынша 22 бала, «Би билеу, оның ішінде арбамен билеу» номинациясы бойынша 4 би ұжымы және 13 жеке орындаушылар, «Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер» және «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациялары бойынша 37 оқушы, «Техникалық өнертабыстар» және «Компьютерлік әзірлемелер, робототехника» номинациялары бойынша 22 оқушы қатысты.

«Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивальдың қазылар алқасы шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» РҒПО I II III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Фестивальде орын алмаған қатысушылардың бәрі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.

«Шексіз өмір» республикалық фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Марапатталғандардың тізімі