«Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес отырысының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін күні: 12-13 қаңтар, 2023 жыл
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы облысының білім басқармасы.
Қазіргі мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылдың 12-13 қаңтар күндері Алматы облысы мамандандырылған мектептер базасында «Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» тақырыбында кеңейтілген оқу-әдістемелік (бұдан әрі – ОӘК) кеңес отырысын өткізеді.
ОӘК кеңейтілген отырысына мамандандырылған Білім беру ұйымдарының директорлары және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың басшылары, басшыларының орынбасарлары шақырылады.
ОӘК жұмысы барысында Алматы облыстық мамандандырылған мектептерінің жұмыс тәжірибесін тарату, білім беру үрдісінің рөлін адамды ұлттық құндылықтар негізінде білім алуға мақсатты даярлаудың негізгі құралы ретінде анықтау көзделеді.
Кеңес бағдарламасында пленарлық отырыс, пән мұғалімдерінің шығармашылық шеберлік жұмыстары, инновациялық идеялар панорамасы (IT- жобаларын презентациялау, авторлық бағдарламалар, ғылыми-зерттеу әзірлемелері), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жұмыс тәжірибесін көрсету, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын презентациялау қарастырылған.
Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін 2023 жылдың 12 қаңтарында сағат 10.00-де Қаскелең қаласындағы С. Демирель университетінің (Абылай хан көшесі 1/1) базасында өтетін Кеңестің ашылу салтанатына шақырамыз.