ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы білім беру саласындағы басым бағыттарды атап көрсеткен. Бұл Жолдаудың басым бағыттардың негізгі мазмұны «дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» екендігін атап көрсетті. Конференцияны ұйымдастыру Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы XXI ғасырда экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылатын адами, ғылыми әлеуеттің сақталуына және өсуіне ықпал етуге арналған.
Ағымдағы жылдың 14-15 қазан күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығымен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан қаласында энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізеді.
Конференцияның мақсаты – энциклопедист ғалым Әл-Фараби шығармашылығын кеңінен насихаттап, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.
Конференцияға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары, және колледж оқытушылары қатыса алады.
Конференция «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында және «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының http://bilim-ork.kz сайтында жарияланған.
Конференцияны өткізудің Ережелеріне сәйкес келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
- Секция. Биологиялық ғылымдар, 2. Секция. Географиялық ғылымдар, 3. Секция. Өнертану, 4. Секция. Тарихи ғылымдар, 5. Секция. Әдебиеттану, 6. Секция. Медициналық ғылымдар, 7. Секция. Педагогикалық ғылымдар, 8. Секция. Саясаттану, 9. Секция. Психология, 10. Секция. Әлеуметтану, 11. Секция. Техникалық ғылымдар, 12. Секция. Физико-математикалық ғылымдар, 13. Секция. Филология, 14. Секция. Философия, 16. Секция. Спорт
Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Конференцияға қатысу туралы сұранысты және материалды а.ж. 23 қыркүйегіне дейін берілген үлгі бойынша көрсетілген электронды адреске altynsarin.2019@bk.ruжіберуіңізді сұраймыз.
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:8747-628-80-54, 8775-452-03-98
Сұраныс үлгісі
Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының сұранысы | |
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы | |
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы | |
Білім беру мекеменің атауы | |
Ғылыми конференция атауы | |
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы |