Қазақстан құрама командасының Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасында қатысу қорытындысы туралы ақпарат

Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics (EJOI) 2017 жылдан бастапөткізілуде. Олимпиада  Европа елдерінен жас программистер арасындағы жарыс болып табылады.

Ең алғашқы EJOI 2017 жылы Болгарияда, кейн 2018 жылы Татарстанда, 2019 жылы  Словенияда өткен болатын. 2020 жылы Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасы Грузияда болуы тиіс еді. Алайда қалыптасқан жағдайға байланысты EJOI 2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы онлайн режимде өткізу жөнінде шешім қабылдады.

Биылғы жылы Олимпиадада 27 мемлекеттен 92 оқушы қатысты. Белгіленген ереже бойынша әр елден  15 жастан аспаған 4 оқушы қатысады. Қазақстанда құрама команда  мүшелері – информатика пәні бойынша Республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Олимпиада үлгісі Информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға ұқсас. Жарыс екі турдан тұрады. Әр турда оқушылар төрт сағатта үш тапсырманың шешімін табуы керек.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрама командасы бұл Олимпиадада осы жылы алғаш рет қатысты. Соған қарамастан, нәтижелеріміз өте жақсы.

Барлық төрт қатысушы жоғары марапатқа ие болды:

  1. Ван Ли – Алматы  қаласындағы РФММ оқушысы – алтын медаль;
  2. Таймас Корганбаев – Алматы  қаласындағы № 165 мектеп-лицейінің оқушысы – күміс медаль;
  3. Адиль Султанов – Атырау  қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім – Инновация» лицейінің оқушысы  –  қола медаль.
  4. Рамазан Пердебай – Караганды қаласындағы Н. Нурмаков атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы – қола медаль.

Құрама команданы  осы жеңістерімен құттықтаймыз! Оларды дайындаған жаттықтырушы Маткаримов Бакыт Тургамбаевич – Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының биосенсорлар және биоқұралдар зертханасының жетекшісі.