XVІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша үздік мамандандырылған мектептер мен облыстар рейтингісі жарияланды

Жуырда өткен XVІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан 90 медальді жеңіп алды: 13 алтын, 37 күміс және 40 қола.
Ресми мәліметтер сүйене отырып, үздік облыстар мен мамандандырылған мектептер рейтингісі жасалды.

Рейтинг бойынша облыстар арасында үздік бестікті бастап тұрған “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ, Атырау облысы, Павлодар облысы, Республикалық физика-математика мектебі, Нұр-сұлтан қаласы болды.

Үздік мамандандырылған мектептер рейтингісі бойынша бестікке Республикалық физика-математика мектебі, Алматы қаласының физика-математика бағытындағы “Назарбаев Зияткерлік мектебі”, Павлодар облысының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, Атырау қаласының «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты, Нұр-сұлтан қаласының. «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты кірді.

Облыстар мен мектептер бойынша толық рейтинг www.daryn.kz сайтында оқушыларға /қорытынды ақпарат мәзірінде жарияланған.