Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 18 және 28 қаңтарында қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасын өткізгенін хабарлайды.
Олимпиада дәстүрлі түрде жыл сайын 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Қашықтық және қорытынды кезеңде өткен Олимпиаданың алғашқы кезеңіне 9579 өзге ұлт оқушылары қатысса, қорытынды кезеңге 145 оқушы жолдама алды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 53 қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. І дәрежелі дипломдармен – 9 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломдармен – 16 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 28 қатысушы марапатталады. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына электронды сертификаттар берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі www.daryn.kz сайтында жарияланған.