Қазақстанның дарынды оқушылары 2021 жылғы 24 шілде мен 3 тамыз күндері аралығында онлайн режимде Ресейдегі Саха Республикасының астанасы Якутск қаласында ұйымдастырылған халықаралық «Туймаада» олимпиадасына қатысып әлемнің 7 елінен қатысқан 250-ге жуық оқушымен бақтарын сынасты. Нәтижесінде Қазақстанның қоржыны 5 алтын, 11 күміс, 16 қола және 4 грамотаға толықты. Салыстырмалы түрде 2020 жылғы нәтиже бойынша Қазақстанның еншісінде 1 алтын, 3 күміс, 9 қола және 10 грамота болатын.
1) АЛТЫН МЕДАЛЬ | Қорғанбаев Таймас – Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы.
2) АЛТЫН МЕДАЛЬ | Раушанов Марлен – Нұр-Сұлтан қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей- интернатының 11 сынып оқушысы;
3) АЛТЫН МЕДАЛЬ | Лим Владимир – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
4) АЛТЫН МЕДАЛЬ | Ашуров Альтаир – Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
5) АЛТЫН МЕДАЛЬ | Бурамбаев Тамерлан – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы.
Ескертпе: Бурамбаев Тамерлан – математиканың жоғарғы лигасының абсолютті чемпион атанды.
– – – – – – – – – – – – – – – –
1) КҮМІС МЕДАЛЬ | Сихимбаев Даниэль – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы;
2) КҮМІС МЕДАЛЬ | Әбдіразақ Нұрасыл – Алматы қ. физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
3) КҮМІС МЕДАЛЬ | Шатохин Даниил – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы;
4) КҮМІС МЕДАЛЬ | Мұхамедкәрім Қаныш – Семей қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы;
5) КҮМІС МЕДАЛЬ | Пердебай Рамазан – Қарағанды қ. Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
6) КҮМІС МЕДАЛЬ | Сахмолдин Мухаммадариф – Алматы қ. физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;
7) КҮМІС МЕДАЛЬ | Мужиков Арсен – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы.
8) КҮМІС МЕДАЛЬ | Абсаттаров Нурдаулет – Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер балаларға арналған «Білім –инновация» лицей 10 сынып оқушысы;
9) КҮМІС МЕДАЛЬ | Алпысбеков Алихан – Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер балаларға арналған «Білім –инновация» лицей 10 сынып оқушысы;
10) КҮМІС МЕДАЛЬ | Шахабдин Әкежан – Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы;
11) КҮМІС МЕДАЛЬ | Назарбай Нұрдәулет – Нұр-Сұлтан қ. NURORDA мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
– – – – – – – – – – – – – – – –
1) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Оралханов Дінмұхамет – Семей қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы;
2) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Дүйсенғалиев Нұрстан – Алматы қ. Мамандандырылған «Білім – Инновация» лицей- интернатының 10 сынып оқушысы;
3) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Турганов Имран – Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы;
4) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Рахметулла Акрам – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы.
5) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Роговский Владимир – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы;
6) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Байжанов Султанбек – Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер балаларға арналған «Білім –инновация» лицей 9 сынып оқушысы;
7) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Махажанов Олжас – Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер балаларға арналған «Білім –инновация» лицей 8 сынып оқушысы;
8) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Тогаев Алим – Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы;
9) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Нурахметова Акерке – Алматы қ. физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
10) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Беремкулов Алан – Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы;
11) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Сейтенов Альдинаш – Алматы қ. физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;
12) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Самойленко Арсений – Қостанай қ. дарынды балаларға арналған “Білім-Инновация” лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
13) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Маликов Амиргали – Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер балаларға арналған «Білім –инновация» лицей 9 сынып оқушысы;
14) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Нахып Ердәулет – Нұр-Сұлтан қ. NURORDA мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;
15) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Николаенко Артур – Алматы қ. физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
16) ҚОЛА МЕДАЛЬ | Еркебаев Алишер – Ақтөбе қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;
– – – – – – – – – – – – – – – –
1) ГРАМОТА | Абшукур Абдуллах – Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер балаларға арналған «Білім –инновация» лицей 9 сынып оқушысы;
2) ГРАМОТА | Байтуреев Рахымжан – Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер балаларға арналған «Білім –инновация» лицей 10 сынып оқушысы;
3) ГРАМОТА | Кусдавлетов Эльдар – Нұр-Сұлтан қ. NURORDA мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
4) ГРАМОТА | Нәрік Арсен – Алматы қ. физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
Информатика пәні бойынша алтын медаль иегері Қорғанбаев Таймас дайындықтың қарқын болғандығын айта келіп, олимпиаданың қорытындылары әділ деп бағалайтындығын және нәтижелерімен толық қанағаттанатындығы туралы ойымен бөлісті.
Математика бойынша тағы бір жеңімпазымыз Раушанов Марлен ерекше және қызықты есептер арқылы нағыз интеллектуалдық дода атмосферасын құра білген ұйымдастырушыларға өзінің ризашылығын білдірді. Марлен болашақта өз жолын бағдарламалау саласында жалғастырмақ. Бұл сааланы қызықты әрі әлеуеті зор деп көреді. Сондықтан ол UNIST – Оңтүстік Кореяда орналасқан Ульсан ұлттық ғылым және технология университетіне оқуға түсті.
Ал математикадан жоғарғы лигасының абсолютті чемпионы Бурамбаев Тамерлан болса өзінің табысын жаттықтырушылардың сапалы жұмысымен байланыстырады. Ол ұстаздары мен әкесіне шексіз алғысын білдірді.
«Алдымен естігенімде біраз есеңгіреп сенбей қалдым, бірақ кейінірек осы жетістігіме қуанып марқайып қалдым», – деді Тамерлан өз қуанышымен бөлісіп.
ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО атынан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
ТАРИХИ АНЫҚТАМА: Олимпиада 1994 жылдан бастап өткізілуде, ал Қазақстан құрамасы аталмыш олимпиадада 2004 жылдан бастап қатысып келеді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау, оларды одан әрі интеллектуалдық тұрғыда дамыту және кәсіби бағыт-бағдар беру, өзге елдердің оқушыларымен ара байланыстарды нығайту, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастың күшеуіне ықпал жасау.