Қазақстан құрама командасы экономикадан IV халықаралық олимпиадасында (IЕO-2021) көрсеткен нәтижелері туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстандық жас дарындар а.ж. 21 шілдесі мен 1 тамызы аралығында Латвияда онлайн форматта ұйымдастырылған экономикадан IV Халықаралық олимпиадасында (International Economics Olympiad, IEO) 3 қола медаль жеңіп алды.

Биыл IEO-ға 44 ел мен аумақтан (Австралия, Бразилия, Қытай, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ және т.б.) 44 ұлттық командалар қатысты.

Қазақстан құрамасына келесі оқушылар енді:

Қола медаль | Кенжеғали Данат, Haileybury Алматы

Қола медаль | Ерали Дана, Алматы қ. НЗМ

Қола медаль | Өмірбеков Нурсат, Нұр-Сұлтан қ. НЗМ

Қатысушы | Мұхамбетқалиева Сәния, Орал қ. НЗМ

Қатысушы | Қабылқасымов Ерасыл, Қостанай қ. НЗМ

Команданың жаттықтырушысы:

Мулдашев Руслан – Астана халықаралық қаржы орталығыының (AIFC) Үздіксіз кәсіби даму бюросының сертификатталған тәуекел-менеджері.

Ұлттық құрама мүшелері Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) ұйымдастырған оқу-жаттығу жиындары мен жаттықтырушыға өз алғыстарын білдірді.

Команда мүшесі Нұрсәт Өмірбеков үшінші тур оның жеңіске жетуіне септігін берді деп есептейді.

“Біз айтарлықтай ауызбіршілігіміздің арқасында қазылар алқасынан жоғары баға алдық”,- деді Нурсат.

Тағы бір қола медаль иегеріміз Данат Кенжеғали болса өзінің болашағын математика және экономикамен байланыстыруды жоспарлайтындығын айта отырып, осы олимпиадада қол жеткізген жүлденің оған болашақтағы жеке мансабын құрудағы ең бастапқы кезең екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушыларымыз осы жылғы тапсырмалардың өткен жылдарға қарағанда күрделірек болғандығын тілге тиек етті.

  =========

Байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғ., 34а
телефон: 8 (7172) 29-52-66
e-mail: media@daryn.kz