Біз өмір салтты, қарым-қатынас пен ойлауды өзгертетін жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа дәуір өркениетінің даму тенденциялары білімге қойылатын талаптарды анықтайды. Болашақ көбінесе жаңа ұғымдарды түсіну және қабылдау, дұрыс таңдау жасау, өмір бойы өзгеріс жағдайларына үнемі үйрену және бейімделу қабілетіне байланысты.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 13 тамызында республикалық тамыз кеңесі (бұдан әрі-Педкеңес) шеңберінде мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «21 ғасыр дағдылары: олардың жаңа сын-қатерлер жағдайында қалыптасуы» тақырыбында панельдік сессиясын өткізеді.
ХХІ ғасырда мектеп оқушысын танып-білуге үйретуге мүмкіндік беретін тәрбие мен білім берудің жаһандық міндеттері – білім алуды үйретуге; әрекет етуге – туындаған проблемаларды шешуге үйретуге; өзара іс – қимыл жасауға – адамдармен де, қоршаған әлеммен де қарым-қатынас орнатуға үйретуге; өзін-өзі жетілдіруге – жеке тұлға ретінде дамуға үйретуге мүмкіндік беретін тәрбие мен білім берудің жаһандық міндеттері айқындалды.
Панельдік сессияда мамандандырылған білім беру ұйымдарының, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың басшылары, басшыларының орынбасарлары, педагогтер мен психологтар шақырылады.
Панельдік сессияның күн тәртібі:
1. Постковидтік кезең:
- гибридті оқыту формасымен онлайн форматынандәстүрлі форматқа көшу;
- білімдегі олқылықтар және оларды толтыру;
- денсаулықты қолдау (физикалық және психологиялық);
2. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтар мен ғалымдар арасындағы белсенді коллаборация
3. Жаңа оқу жылында білім берудің жаңа парадигмасы: қалай білім береді және қалай оқиды?
4. Педагогикалық білім беруді жаңғырту;
5. Мектеп пен ата – ана қарым-қатынасының жаңа формасы – ата-аналардың тәрбие мен оқытудағы рөлі.
Сондай-ақ, панельдік сессия жұмысы барысында мамандандырылған білім беру ұйымдары басшыларының, жетекші практик-мұғалімдер мен психологтардың жұмыс тәжірибесін тарату көзделеді.
Өткізу формасы: онлайн (ZOOM-конференция)
=========
Байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғ., 34а
телефон: 8 (7172) 29-52-66
e-mail: media@daryn.kz