ХХІІ республикалық Абай оқулары басталуда

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 24-27 тамыз аралығында ХХІІ республикалық Абай оқуларын онлайн форматта өткізеді.
Абай оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», КеАҚ республикалық физика-математикалық мектебінен командалар қатысады. Әр командада 6 оқушыдан.
Абай оқуларының республикалық кезеңі 6 номинациядан тұрады:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Абайдың қара сөздері»
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»
«Көңілім әнді ұғады
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» –
«Ұлылар әлемі»
Айта кететін жәйт, Абай оқуларының өту барысында ашықтықты айқындау мақсатында «Дарын» РҒПО-ның YouTube-каналында тікелей эфирде трансляция жүргізілетін болады.