Қазақстан құрама командасының 38-ші математикадан Балқан олимпиадасында (ВМО) көрсеткен нәтижелері туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстанның ұлттық құрама командасы 2021 жылғы 6-10 қыркүйек аралығында қашықтықтан өткен 38-ші математикадан Балқан олимпиадасына қатысып бақ сынады. Олимпиаданың ресми ашылуы дүйсенбі күні 6 қыркүйекте қашықтықтан өткізілді.

Осы жылғы Балканиаданың ұйымдастырушылары ретінде Кипр Республикасының математиктер одағы танылды (CYMS). Ережеге сәйкес, олимпиаданы қабылдаушы ел жарысқа үш командаға дейін қатыстыруға құқылы. Аталмыш аралды елдің намысын екі құрама команда қорғады.

Ғылым әлеміндегі беделді шараға Балқан елдерінен – Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Греция, Молдова, Черногория, Солтүстік Македония, Румыния, Сербия және Түркиядан 100-ден астам оқушы қатысты. Осы елдердің математикалық командалары «Математикадан Балқан жастар олимпиадасы» ұйымының мүшелері болып табылады. Байқаудың қонақтары ретінде Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Италия және Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің командалары қатысты. Барлығы 18 елдің командалары қатысты.

Қазақстан ұлттық құрама командасы биылғы жылы Алматыдан төрт оқушы және Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларың әр қайсысынан бір-бір оқушыдан жасақталды.

Олимпиаданың турнирлік күнінде (8 қыркүйекте) жас математиктердің алдына 4 сағат 30 минут ішінде күрделі төрт есептің шешімін табуға мақсат қойылды. Оқушылар тапқан әрбір дұрыс шешімі үшін 10 баллмен бағаланды.

Қазақстандық оқушылар төмендегі нәтижелерді көрсетті:

  1. Сатубалдин Таиркүміс медаль иегері (34 бал). Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
  2. Әбдіразақ Нұрасылқола медаль иегері (22 бал).  Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
  3. Баймурзин Рахимқола медаль иегері (21 бал).   Қарағанды қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
  4. Сакенов Батырханқола медаль иегері (21 бал). Алматы қаласы халықаралық «Haileybury» 12 сынып оқушысы;
  5. Тен Юрийқола медаль иегері (20 бал). Алматы қ. халықаралық «Haileybury» мектебінің 12-сынып оқушысы;
  6. Сам ФетуллахҚұрмет грамотасы (12 бал).   Нұр-Сұлтан қ. «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қазақстан ұлттық құрамасының жиынтық нәтижесі 130 балды құрап, турнирлік кестенің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы                               6 орынға орналасты.

Құрама команда мүшелерін биылғы жылы шынықтырған жаттықтырушылар:

  1. Исахов Асылбек – PhD, ҚБТУ МКМ факультетінің деканы, команда жетекшісі:
  2. Абдрахманов Ален – ҚБТУ 4-курс студенті, команда жетекшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық мүшелерін жеңісті нәтижелерімен шын жүректен құттықтайды.

Айта кету керек, олимпиада 1984 жылдан бері өткізіліп келеді, ал Қазақстан құрама командасы оған 2004 жылдан бері қатысып келеді. 2019 жылы Қазақстан құрама командасы 3 күміс және 3 қола медальға ие болса, 2020 жылы Қазақстан құрама командасы 2 күміс және 4 қола медальға ие болды.

=========Байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғ., 34а
телефон: 8 (7172) 29-52-66
e-mail: media@daryn.kz