ОЛИМПИАДАШЫМЫЗ ЕНДІ КЕМБРИДЖДЕ БІЛІМ АЛАДЫ!

Әлемнің маңдай алды 5 университеті IMO-2021 күміс жүлдегерін өз білімін жетілдіру үшін шақырту жіберді. Атап айтсақ жас қазақстандықты Кембридж университеті, Джорджия технологиялық институты, Санта-Барбарадағы Калифорния университеті мен Сан-Диегодағы Калифорния университеттері. Алайда, озық ойлы жас олимпиадашымыз Кембридж Университетінің ұсынысын қабыл алды.

Данат Дүйсенбеков – Ақтөбе қаласының тумасы. Отбасымен 12 жасында Нұр-Сұлтанға қоныс аударып, «Білім-Инновация» лицей-интернатына оқуға түсті. Бір жыл білімін Spectrum мектебінде шыңдады.

Есепке жүйрік талапты жас математика пәнін жақсы көреді. Данат Республикалық, Халықаралық білім бәсекесінде бағын сынап, сан мәрте топ жарған жас дарын.

«Математиканы зерттегім келеді. Сол себептен Кембриджді таңдадым. Бұл университеттің академиялық білімі мықты»- дейді өз сөзінде болашақ ғалым. Міне, «ақыл жастан» деген осы!

Білімнің даңғыл жолына түсуімен “Дарын” РҒПО атынан шын көңілден құттықтаймыз!

••••••••••• WWW.DARYN.KZ •••••••••••