«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсын өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2022 жылдың 28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсын өткізеді (бұдан әрі – Конкурс).

 Конкурстың негізгі миссиясы – дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологтардың озық тәжірибелерін насихаттау және тарату.

Конкурска 3 жылға дейін; 3 – 7 жылға дейін; 7 – жылдан астам еңбек өтілі бар мектеп психологтары  қатыса алады.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі.

I кезең аймақтық, облыстық, Астана, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының білім  басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, автономды білім беру ұйымдары «Назарбаев зияткерлік мектептері», аймақтық «Дарын» орталықтары  өткізеді.

II кезеңіріктеу (сырттай), эссе жазу.

III кезеңқорытынды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

Конкурстың қорытынды кезеңіне ережеге сәйкес әр санатта бірінші орын алған аймақтық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Әр аймақ үшін квота 3 адамды құрайды.

Конкурсқа тек қана тәжірибеде қолданыста жүрген, апробациядан өткен нақты тәжірибелік қорытындысы бар жұмыстар ғана ұсынылады.

Конкурс ережелері  www.daryn.kz сайтына орналастырылатын болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелері дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздардың жұмыстары «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады.

Конкурсқа қатысу туралы сұранысты (білім басқармасының басшысымен бекітілген) а.ж. 14 ақпанына дейін көрсетілген үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет. Міндетті түрде сұранысқақатысушылардың эсселерін қоса жіберу керек.

Қатысушының ата-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mailҚонақ үй қажеттілігі

Уәкілетті орган бекіткен әрбір қатысушыға 14 ақпанға дейін сілтеме бойынша жеке онлайн-тіркеуден өту қажет http://tiny.cc/psycholog2022 

Іссапар шығыстары (жол жүру, тұру, тамақтану) жіберуші тараптың есебінен.

Қатысушылардың келуі 28 ақпан, іс-шараның аяқталуы 2 наурыз сағат 15.00-ден кейін. «Алтын Қарғалы» шипажайында бір адамға тұру құны (3 мезгіл тамақтануы, бассейн) 10 000 теңге (он мың теңге).

Шипажайдың мекен-жайы: Алматы қ., Жандосова, 204 үй, (кіру Асқаров көшесі жағынан).

=========

Кері байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон: +7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz