Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

2022 жылдың 18-23 сәуір аралығында барлық облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды (төртінші) кезеңі өткізіледі. Оған 2070 оқушы қатысады деп күтілуде.
Атап айтсақ:
1107 оқушы – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша (18-19 сәуірде түске дейін – 556 қатысушы, ал түстен кейін – 550 қатысушы);
963 оқушы – қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша (20-21 сәуірде түске дейін – 548 қатысушы, ал түстен кейін – 415 қатысушы).
Еске сала кетейік, 16 пән бойынша ұйымдастырылған олимпиаданың мектепішілік кезеңіне республиканың 6 362 білім беру ұйымдарынан 266 805, аудандық кезеңге 96 443, ал облыстық кезеңіне 14 369 оқушы қатысқан болатын.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
Оқушылар бұл жолы өз білімін «Ustudy» орталықтарында электронды форматта сынайтын болады.
Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу барысы онлайн режимде бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіліп, мүдделі емес «үшінші тұлғалар» («Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары) шақырылмақ.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы толық ақпарат https://daryn.kz/ сайтында жарияланатын болады.

=========
Кері байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон: +7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz