Информатикадан Қазақстанның ұлттық құрама командасы беделді халықаралық олимпиадалар маусымын сәтті аяқтады. Қоржынымызда – 2 күміс және 2 қола медаль.
Биыл IOI 7-15 тамыз аралығында Джокьякарта қаласында (Индонезия) өтті және оған әлемнің 88 елінен 357 білімпаз қатысты.
Жүлдегерлермен таныс болыңыздар:
КҮМІС:
- Жамбыл Мақсотов, БИЛ , Орал қ.;
- Мухаммадариф Сахмолдин, ФМБ НЗМ, Семей қ.
ҚОЛА:
- Ван Ли, РФММ, Алматы қ.;
- Қорғанбаев Таймас, РФММ, Алматы қ.
Жетекшілер:
- Темірлан Сатылханов – Astana IT University АСМ-тренері, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері;
- Темірлан Байболов – Harbour Space University (Барселона, Испания) студенті, информатикадан республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
Еске сала кетейік, 2021 жылы қазақстандық оқушылар 4 қола медаль жеңіп алған болатын.
Осылайша, 7 халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің білімпаздар рекорды 27 медаль (3 алтын, 15 күміс, 9 қола) мен 1 Құрмет грамотасын жеңіп алды.
IOI-2022 жүлдегерлерін, олардың жаттықтырушыларын, педагогтары мен ата-аналарын керемет нәтижелерімен құттықтаймыз!