Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы

Алматы қаласында оқушылар арасындағы информатикадан XV Еуразиялық олимпиада аяқталды.

Қорытынды турға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 75 командадан құралған 213 оқушы қатысты.

Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.

Олимпиада қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломдары және алтын медальдармен 15 жеңімпаз, II дәрежелі дипломдар мен күміс медальдармен 36 жүлдегер, III дәрежелі дипломдар және қола медальдармен 60 қатысушы марапатталды.

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мектеп оқушылары арасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден құралған командалар қатыса алады.

Қорытынды турға іріктеу турында 6 және одан жоғары тапсырмаларды шешкен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 75 команда қатысады.

Қорытынды тур 2023 жылғы 11-12 желтоқсанда Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында өткізіледі. Бірінші күні түскі және кешкі ас (11 желтоқсан) және олимпиаданың негізгі күнінде түскі және кешкі ас (12 желтоқсан) ұйымдастыру комитеті есебінен. 11 желтоқсанда 14:00 (Астана уақыты бойынша, GMT+6) техникалық кезеңі, 12 желтоқсанда 13:00 (Астана уақыты, GMT+6) Олимпиаданың негізгі кезеңі өтеді.

Қатысушылар мен команда басшыларының іссапар шығыстары (екі жаққа да жол жүру және тұру) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың келуі 11 желтоқсан (14:00-ге дейін). Кету а. ж. 13 желтоқсанда. Қатысушылардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты және мектептен фотосуреті бар анықтамасы болуы тиіс. Жетекшілер ұйымдастыру комитетін қатысушылардың деректері тексерілген қағаз және электрондық файлдармен (аты-жөні, ЖСН, мектеп атауы, сыныбы) қамтамасыз етсін.

Қатысушылар тізімі

Олимпиаданың бағдарламасы

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мектеп оқушылары арасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу, ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден құралған командалар қатыса алады.

Олимпиада екі турда өткізіледі - іріктеу және қорытынды.

Іс-шараның егжей-тегжейлі тәртібі мен шарттарын http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/internet.html сілтемесінен табуға болады.

Іріктеу интернет-туры 2023 жылдың 4 қарашасында Санкт-Петербургте өтетін олимпиадамен бір мезгілде өткізіледі және сол олимпиаданың тапсырмалары орындалатын болады. Турдың басталуы сағат 12-00-де (Мәскеу уақыты бойынша). Турдың ұзақтығы – 5 сағат.

Сынақ туры Олимпиада басталардан 72 сағат бұрын басталады және 48 сағатқа созылады.

Интернет-турға қатысуды жоспарлаған командалар сілтеме бойынша http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/index.html тіркелуі тиіс.

Команданың интернет-турға қатысуы қатысуымен мектептің компьютерлік сыныбында немесе басқа білім беру мекемесінде аккредиттелген оқытушының қатысуымен өтуі тиіс. Аккредиттеуді алу үшін оқытушы жоғарыда көрсетілген сайтта алдын ала тіркеліп, арнайы код алуы қажет

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға мүмкіндік алатын қатысушы командалардың саны іріктеу интернет-турының нәтижелері бойынша анықталады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді (нақты күні мен орны қосымша хат бойынша мәлімет беріледі).

Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы бойынша 15 қазақстандық оқушыға Қазақ-Британ техникалық университетінің гранттары берілді.

2022 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласында өткен қорытынды турға Қазақстанның атынан 36 команда және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның 14 командасы қатысты. Әр команданың құрамы 3 оқушы және 1 жетекшіден тұрды.

Еуразиялық олимпиадаға қатысушыларға есептеу ғылымдары мен бағдарламалау дағдылары саласында терең білімді талап ететін информатика саласындағы 11-12 тапсырманы шешу ұсынылды.

Халықаралық қазылар алқасының шешімімен 1 орынды 3 қазақстандық команда, 2 орынды 6 команда және 3 орынды 7 команда жеңіп алды.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

2022 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында Информатикадан оқушылар арасындағы XIV Еуразиялық олимпиада өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылар – «Дарын» РҒПО мен Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті.

Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.

Жыл сайын Олимпиада екі тур бойынша өткізіледі: іріктеу және қорытынды.

Қорытынды турға іріктеу турында 6 және одан жоғары тапсырмаларды орындаған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 50 команда қатысып отыр.

Біздің оқушыларға сәттілік тілейміз!

——— WWW.DARYN.KZ ———

Қазақстан Республикасының командаларына почта арқылы XIII Еуразиялық олимпиадаға қатысуды растау үшін Нысандар жіберілді. Сауалнаманы 23 қараша күнгі, Нұр-сұлтан уақыты бойынша, сағат 15:00-ге дейін толтыру қажет. Қатысуды растаған командалар тізімі төменде

Командалар тізімі

Кері байланыс үшін нөмірі: 87172-57-01-32

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мектеп оқушылары арасында информатикадан XІІI Еуразиялық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден құралған командалар қатыса алады.

Олимпиада екі турда өткізіледі - іріктеу және қорытынды.

Іс-шараның егжей-тегжейлі тәртібі мен шарттарын http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/internet.html сілтемесінен табуға болады.

Іріктеу интернет-туры 2021 жылдың 14 қарашасында Санкт-Петербургте өтетін олимпиадамен бір мезгілде өткізіледі және сол олимпиаданың тапсырмалары орындалатын болады. Турдың басталуы сағат 12-00-де (Мәскеу уақыты бойынша). Турдың ұзақтығы – 5 сағат.

Сынақ туры Олимпиада басталардан 72 сағат бұрын басталады және 48 сағатқа созылады.

Интернет-турға қатысуды жоспарлаған командалар сілтеме бойынша https://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/listTeams.jsp#almaty тіркелуі тиіс.

Команданың интернет-турға қатысуы тіркелген оқытушының қатысуымен мектептің немесе басқа білім беру мекемесінің компьютерлік сыныбында өтуі тиіс. Аккредиттеуді алу үшін оқытушы жоғарыда көрсетілген сайтта алдын ала тіркеліп, арнайы код алуы тиіс.

Информатикадан Еуразиялық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алатын қатысушы командалардың саны іріктеу интернет-турының нәтижелері бойынша анықталады.

Қорытынды тур желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді (нақты күні мен орны кейінірек белгіленеді).