Қазақстанда тұңғыш рет мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ өтеді.
Фестивальға еліміздің әр аймағынан робототехникамен айналысатын 159 оқушы қатысады.
Фестиваль 2023 жылғы 10-11 қаңтар аралығында Сулейман Демирель университеті базасында өткізіледі.
«Робототехника – ХХІ ғасырдағы ғылыми жаңалықтардың ішінде адамзатты таңғалдырып, өскелең ұрпақты техникалық мамандықтарға қызықтырып жүрген жаңа сала. Соңғы жылдары қазақстандық мектеп оқушылары робототехникадан халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында біздің балалар Женевада өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE дүниежүзілік робототехника жарысында жеңіске жетті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларымыз Дортмунд қаласында өткен халықаралық робототехника олимпиадасына алғаш рет қатысып, екінші орынды иеленді. Бұл жеңістердің барлығы біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді. Мектеп оқушылары арасында робототехниканы танымал ету және дамыту мақсатында министрліктің қолдауымен «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, біз мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған республикалық РОБОТ ФЕСТИВАЛІН алғаш рет өткізіп отырмыз. Оған робототехникамен айналысатын 159 оқушы қатысады. Фестиваль жеңімпаздары бұдан әрі «FIRST Kazakhstan 2023» республикалық финалына қатысу үшін Қазақстан құрама командасына ену мүмкіндігіне ие болады, - дейді «Дарын» орталығының директоры Ануар Унайбеков.
Айта кететін жайт, Фестиваль FIRST халықаралық ережелері бойынша өткізіледі. Бірінші бағыт FIRST LEGO League Challenge 10-16 жастағы мектеп оқушылары роботты зерттеу, проблемаларды шешу, кодтау және инжинирингтеу, құруастыну және бағдарламалаумен айналысады. Екінші бағытта FIRST Tech Challenge 12-18 жастағы оқушылар өздері жобалаған, бағдарламалаған және құрастырған роботтарды қолдана отырып, 3,65 x 3,65 метрлік ойын алаңдарында жарысқа қатысады.
Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.