МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  орталығы  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен Өскемен қаласында өткен математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы сәтті аяқталды.

Іс-шараға республика бойынша әр түрлі білім беру ұйымдарынан 22 математика мұғалімдерінен құралған команда қатысты.

Олимпиада қатысушылардың білімінің тереңдігі мен кеңдігін, сондай-ақ оны тәжірибеде қолдана білу қабілетін негізге алатын төрт кезеңнен тұрды.

Қазылар алқасының құрамына қатысушылардың жұмысына объективті және кәсіби баға беретін тәжірибелі оқытушылар мен университет профессорлары шақырылған.

Алматы қаласы «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ (РФММ) командасы ең көп ұпай жинап, жеңімпаз атанып, бас жүлде иегерлері атанды.

Сондай-ақ, I дәрежелі дипломмен – 2 команда (Астана қаласы - ҚИСЫН командасы, Қарағанды облысы – САРЫАРҚА_09 командасы);

II дәрежелі дипломмен  – 3 команда (Маңғыстау облысы – МАҢҒЫСТАУ  командасы, Алматы облысы – АЛАН командасы, Ұлытау облысы – UlyMath командасы);

III дәрежелі дипломмен – 4 команда (Назарбаев Зияткерлік мектептері – NIS командасы, Шығыс Қазақстан облысы – ВЕКТОР ВОСТОКА командасы, Жамбыл облысы – ЛИДЕР командасы, Алматы қаласы – ҚЫРАН командасы) марапатталды.

Сонымен қатар, 7 командаға (Павлодар облысы – ERTIS LIFE командасы, Қостанай облысы – СТРАТЕГИ командасы, Ақтөбе облысы – АҚТӨБЕ командасы, Шымкент қаласы – ОРДА командасы, Абай облысы – ABSTRACT командасы, Түркістан облысы – ON DE ТҮРКІСТАН командасы) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдары табысталды.

РФММ Алматы командасын және олимпиаданың барлық жеңімпаздары мен қатысушыларын жеңісімен құттықтай отырып, еліміздің математикалық білім беру бағытын дамытуға атсалысқандары үшін алғыс айтамыз.

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА» олимпиадасының қорытындысы

Хаттама

Заманауи мұғалім өзінің кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыруға көмектесетін бірқатар қасиеттерге ие болуы тиіс. Өзін-өзі дамытудың негізгі аспектілерінің бірі - жаңа білім мен дағдыларды меңгеру.

Кәсіби өсуге бағытталған мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру және жұмыс тәжірибесін тарату үшін өзін көпшілікке танытуға ұмтылады. Педагогикалық жетістіктер байқауы шығармашыл мұғалімнің алдында тұрған осы міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасымен бірлесіп, математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасын (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.

Олимпиада 2024 жылдың 26-27 наурызында КЕАҚ «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» базасында өтеді. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Серiкбаев көшесі, 19.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері қатыса алады. Республикамыздың әр облысы және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Олимпиадаға құрамы 4 (төрт) адамнан тұратын команда ұсына алады.

Олимпиада төрт кезеңнен өтеді. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұрады, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық».

Олимпиаданың Ережесімен www.daryn.kz сайтынан танысуға болады. Іссапар шығындары (жолы, ұйымдастыру жарнасы әр қатысушыға  25 350  теңге, тамағы, тұруы) жіберуші жақтың есебінен.

Олимпиадаға келу күні – 25 наурыз,  басталуы – 26 наурыз, аяқталуы – 27 наурыз (сағат 15.00-ден кейін).

Олимпиадаға қатысушылар үшін «Усть-Каменогорск» қонақүйінен орындар бөлінген. Тәулігіне бір адамға жатын орны 10 500-17 000 теңге тұрады.  Мекен-жайы: Өскемен қ., Кабанбай батыр көшесі, 158  тел.: +7 (7232) 602‒181 +7‒705‒752‒24‒93

Олимпиада қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаз бен жүлдегерлерге    I, II, III дәрежелі дипломдары тапсырылады.

Олимпиадаға қатысу туралы командалардың сұранысын (басшылықпен бекітілген) а.ж. 10 наурызға дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: e-mail: b.seidimkhan@daryn.kz

Әр қатысушыға 10 наурызға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/MatRegata2024 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Қатысушының аты-жөні Облысы Команда аты Жұмыс орны Еmail Қонақ үй қажеттілігі, байл.тел.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылдың 28-29 наурыз аралығында Ақтөбе облыстық Білім басқармасымен бірлесіп, педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету мақсатында математика пәні мұғалімдеріне арналған “Математикалық регата” республикалық олимпиадасын (бұдан әрі-Олимпиада) өткізді.

​         Олимпиадаға Республикамыздың әр облысы және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік метептері» білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдерінен құрылған 4 (төрт) адамнан тұратын команда ұсынды.

​         Математикалық регатаға еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты математика пәні мұғалімдерінен құрылған 23 үздік команда жиналды.

​Олимпиада төрт кезеңнен өтті. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан болса, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық».

​         Математикалық регатаның салтанатты жабылу рәсімі 29 наурыз күні өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар әр команда мүшесіне сыйлықтар табысталды.

​         Сараптау комиссиясының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей

​         I орын –Алматы қаласының “Жалын” командасы;

​         II орын – Шығыс Қазақстан облысының “East_Math_Teachers” командасы, Жетісу облысының “Жетісу шыңы” командасы;

​         ІІІ орын – Алматы облысы мен Ақтөбе облысының командалары, және Назарбаев зияткерлік мектептер желісінің “Вектор NIS” командасы;

​         Номинациялар қалған  барлық командалар арасында бөлінді.

Хаттама МатРегата2023

Диплом МР2023

грамоталар тізілімі МР2023

Педагогикалық еңбек – бұл өзгелер үшін үнемі ізденістің қайталанбас үлгісі. Кез-келген мұғалім, егер ол белгілі бір материал мен оны ұсыну әдістеріне қол жеткізсе, өзін-өзі дамытудан бас тартпайды. Стандартты емес жағдайлардың көптігі мен күрделі сұрақтар, қарапайым және кейде ұтымды тәсілдер мен шешімдер шығаруға міндеттейді. Мұның бәрі бізді өзара әрекеттесу мен оқыту дағдыларын меңгеруге, әр түрлі методикалар арасында оңай ауыса білуді және жан-жақты көре білудегі стиль мен образды қалыптастырады. Бұл ерекше құнды жүк.

Мұғалімдердің әр түрлі олимпиадаларға қатысуы, оның кәсібилігін арттырудың бір құралы болып табылады.

Олар мұғалімдердің кәсіби дамуына, инновациялық тәжірибені таратуға қолайлы ынталандыру ортасын қалыптастырады және кәсіби өзін-өзі анықтауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық  орталығының 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық Білім басқармасымен бірлесіп, “Математикалық регата” республикалық олимпиадасын (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.

Олимпиада 2023 жылдың 28-29 наурызында Ақтөбе қаласындағы «Шығармашылық Академия» базасында өтеді. Мекенжайы: Батыс-2 шағын ауданы, 24 г.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері қатыса алады. Республикамыздың әр облысы және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Олимпиадаға құрамы 4 (төрт) адамнан тұратын команда ұсына алады.

Олимпиада төрт кезеңнен өтеді. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұрады, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық».

Олимпиаданың Ережесі мен ақпараттық хаты  www.daryn.kz сайтынан танысуға болады. Іссапар шығындары (жолы, ұйымдастыру жарнасы әр командаға 20 000 тенге, тамағы, тұруы) жіберуші жақтың есебінен.

Олимпиадаға келу күні – 27 наурыз,  басталуы – 28 наурыз, аяқталуы – 29 наурыз (сағат 15.00-ден кейін).

Олимпиадаға қатысушылар үшін “Ақтөбе” қонақүйінен адам басына күніне 9 000 теңге, мекен-жайы: Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 44/, тел.: +7(7132) 56-28-29, +7(7132)54-40-42.

Олимпиада қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаз бен жүлдегерлерге    I, II, III дәрежелі дипломдары тапсырылады.

Олимпиадаға қатысу туралы командалардың сұранысын (басшылықпен бекітілген) а.ж. 10 наурызға дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: e-mail: baktiyar_s@daryn.kz

Әр қатысушыға 10 наурызға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/MatRegata2023 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

 

Қатысушының аты-жөні Облысы Команда аты Жұмыс орны Еmail Қонақ үй қажеттілігі, байл.тел.

ҚР БҒМ "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылдың 29-30 наурыз аралығында Атырау қаласы Білім бөлімінің «Абай атындағы оқушылар орталығының базасында педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету мақсатында математика пәні мұғалімдеріне арналған "Математикалық регата" республикалық олимпиадасы (бұдан әрі — Олимпиада) өткізілді.

Олимпиадаға Республикамыздың әр облысы және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік метептері» білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдерінен құрылған 4 (төрт) адамнан тұратын команда ұсынды.

Математикалық регатаға еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты математика пәні мұғалімдерінен құрылған 20 үздік команда жиналды.

Олимпиада төрт кезеңнен өтті. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан болса, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық».

Математикалық регатаның салтанатты жабылу рәсімі 30 наурыз күні өткізіліп,  жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Сараптау комиссиясының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей

I орын – Маңғыстау облысының  «Модуль Х» командасына;

II орын – Алматы қаласының «Алматы» командасы, Жамбыл облысының «Лидер» командасы және Назарбаев зияткерлік мектебінің командаларына;

ІІІ орын – Алматы облысының «Жетісу-константа», Қарағанды  облысының «Матрица», Түркістан облысының «Яссы» және Шымкент қаласының «Шымкент» командаларына;

Номинациялар – Павлодар облысының «Ертіс», Республикалық білім беру ұйымдарының «Физмат», командалары бөлінді

Грамоталар тізілімі

Дипломдар тізілімі

Қорытынды хаттама

Хаттама 1

Хаттама 2

Хаттама 3

Хаттама 4

Фото

Уақыт үнемі шығармашыл ізденісте жүретін жоғары кәсіби білікті мұғалімді қажет етеді.

Шығармашылық сайыстарға қатысу мұғалімдердің өзін-өзін ашуға мүмкіндік береді, шығармашылық жұмысқа ынталандырады, мұғалім беделінің өсуіне ықпал етеді, кәсіби даму, инновациялық тәжірибені тарату үшін қолайлы мотивациялық орта жасайды, кәсіби өзін-өзі анықтауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Атырау облыстық Білім басқармасымен бірлесіп, “Математикалық регата” республикалық олимпиадасын (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.

Олимпиада а.ж. 29-30 наурызында Атырау қаласында өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері қатыса алады. Республикамыздың әр облысы және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік метептері» ДББҰ Олимпиадаға құрамы 4 (төрт) адамнан тұратын команда ұсына алады.

Олимпиада төрт кезеңнен өтеді. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады.

Олимпиаданың Ережесі мен ақпараттық хаты  www.daryn.kz сайтынан танысуға болады. Іссапар шығындары (жолы, тамағы, тұруы, ) жіберуші жақтың есебінен

Олимпиадаға келу күні – 28 наурыз, аяқталуы – 30 наурыз (сағат 15.00-ден кейін).

Әр қатысушыға 10 наурызға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/MatemRegata2022 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Олимпиада қатысушылары үшін «ATB Grand Hotel» қонақ үйінде тұру қарастырылған, тұру құны бір адамға тәулігіне екі орындық нөмірде 15 000  теңге + таңғы ас пен кешкі ас қарастырылған.

Қонақ үйдің мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 111.

Олимпиада Атырау қаласы Білім бөлімінің «Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығының базасында өтеді. Мекенжайы: Әбілхайырхан даңғылы, 58.

Олимпиада қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаз бен жүлдегерлерге ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдары тапсырылады.

Олимпиадаға қатысу туралы командалардың сұранысын (ББ басшысымен бекітілген) а.ж. 10 наурызына дейін берілген үлгі бойынша төмендегі мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8  тел.: 8/7172/ 57-01-42, e-mail: sairanbb181@gmail.com, ұ.тел.  87013358413 (Сайран Бәкенұлы).

Қатысушының аты-жөні Облысы Команда аты Жұмыс орны Еmail Қонақ үй қажеттілігі, байл.тел.