5-8 сынып оқушылары үшін Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының қорытындысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында балаларға экологиялық сана-сезімді қалыптастыру, мәдениеттілікті тәрбиелеу, мектеп оқушыларына «экологиялық білім беру» қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында «Дарын» РҒПО оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) 2023 жылғы 26-27 сәуір аралығында қашықтан өткізеді.

Конкурстың негізгі мақсаттары - оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру; Конкурс тақырыбына сәйкес жобалық-зерттеу және ұйымдастырушылық қызметтері мен бейнематериалдар әзірлеуді ұйымдастыру арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту; оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық мәдениетке баулу; табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, экологиялық мәдениетпен туған өлке табиғатына оң экологиялық көзқарас қалыптастыру және мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурс Ережеге сәйкес үш кезең бойынша өткізіледі:

I кезең  –  аудандық (қалалық) білім басқармалары ұйымдастырады;

II кезең  – Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық білім басқармалары және облыстық білім беру ұйымдары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырады;

III кезең республикалық (қашықтан) – «Дарын» РҒПО ұйымдастырады.

Конкурстың республикалық кезеңі 4 бағыт бойынша өтеді:

1 бағыт -  «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем»;

3 бағыт - «Үздік экологиялық бастама» (2 қатысушыдан аспайтын командалық жұмыс қабылданады);

4 бағыт - «Таза қала сізден басталады».

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 4 бағыт бойынша жас ерекшеліктеріне қарай екі топ 5-6 сынып және 7-8 сынып күйінде анықталатын болады.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында жүктеулі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысушы сертификаттары табысталады.

=========

Кері байланыс:
мекенжай: Астана қ.
, Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон:
+7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz