5-8 сынып оқушылары үшін Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2024 жылғы 28 - 30 сәуір күндері Астана қаласындағы «Ibis» қонақ үйінің базасында 5-8 сынып оқушыларына арналған «РroЕco» экологиялық жобалар конкурсын өткізеді (бұдан әрі Конкурс).

Конкурстың негізгі мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен 97 5-8 сынып оқушылары қатысты.

Конкурс үш кезең бойынша өткізілді:

I кезең –  аудандық (қалалық);

II кезең – облыстық (іріктеу);

III  кезең – республикалық (қорытынды)..

Конкурсқа 5-8 сынып оқушыларының жұмыстары келесі төрт бағыт бойынша қабылданды:

  • «Туған өлке табиғаты» бағыты – виртуалды саяхат. Өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғаты және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары мен аумақтары туралы 3-D және басқа да форматтарда виртуалды сапарлармен (маршруттар, экскурсиялар т.б) таныстыру.
  • «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты - біздің планетаның кез-келген бұрышы таңғажайып және қайталанбас құбылыс. Осының барлығы сіздің «экологиялық» әсеріңіз бен жер бетіндегі өмірдің ғажайып сезімін бейнеге түсіріп алуға тамаша себеп, яғни керемет ұтымды бейнесәттер түсіру бағыты.

«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» тақырыбында дебаттық пікірталас. Спикерлер өздерінің фактілерін ұсына отырып, экологиялық проблемалардың шығу себептері мен  туындау нәтижелерін, сонымен қатар оны шешу жолдары туралы өз позицияларын дәлелдейді.

  • «Үздік экологиялық бастама» бағыты – экодизайнерлер байқауы. Осы бағыт бойынша экологиялық жағдайды жақсартатын түрлі дизайнерлік макеттер мен жобалар қабылданады.
  • «Таза қала сізден басталады» бағыты – көркейту, көгалдандыру бойынша экологиялық жұмыстар, өткізілетін экологиялық акциялар

Конкурстың ережесіне сәйкес қатысушылардың 45%   «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Атап айтсақ І орын – 10 оқушы, ІІ орын – 14 және ІІІ орынмен – 22 оқушы марапатталса, ал конкурста көрсеткен ерекше жетістіктері үшін 18 оқушы грамоталармен марапатталды. Қатысушылардың барлығына қатысушы сертификаттары берілді.

Жеңімпаздар тізімі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі «Дарын» РҒПО) оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу мақсатында, сондай-ақ оқушылардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін ынталандыру үшін 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсын (бұдан әрі Конкурс) 2024 жылғы 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында өткізеді.

Конкурстың Ережесі.

Ережеге сәйкес конкурс 3 кезеңмен өткізіледі:

І кезең: аудандық (қалалық);

ІІ кезең: облыстық (іріктеу);

ІІІ кезең: республикалық (қорытынды).

Әр өңірден әр бағыт бойынша 4 жоба ұсынылады:

- «Туған өлке табиғаты» - 1 жеке жоба;

- «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» - 1 жеке жоба;

- «Үздік экологиялық бастама» - 1 командалық жоба (2 қатысушыдан аспауы тиіс);

- «Таза қала сізден басталады» - 1 жеке жоба.

Әрбір аймақтан көрсетілген квота бойынша 4 немесе 5 қатысушы қатысады, әр бағыттан бір жобадан ғана ұсынылады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: индекс Z05K5K8, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, «Алтын Орда» БО, 307 каб., тел: +7 (7172) 79-58-73, е-mail: info@daryn.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Дарын» РҒПО) оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) 2023 жылғы 26-27 сәуір аралығында қашықтықтан өткізілді.

Байқаудың ең үздік жеңімпазы мен жүлдегері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, республикалық білім беру ұйымдарынан 105 қатысушы жеңімпаз атану үшін бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі жас мөлшерлері бойынша анықталды (5-6 сынып және 7-8 сынып).

Конкурстың республикалық кезеңі 4 бағыт бойынша өтті:

1 бағыт -  «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем»;

3 бағыт - «Үздік экологиялық бастама» ;

4 бағыт - «Таза қала сізден басталады».

Байқаудың қазылар алқасы еліміздің жоғары оқу орындарының ең үздік ғалымдарынан құралды.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 11 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 27 оқушы ие болды.

Барлық қатысушыларға  қатысқанын растайтын сертификаттар тапсырылады.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі (1-қосымша) және осы хатқа қоса беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында балаларға экологиялық сана-сезімді қалыптастыру, мәдениеттілікті тәрбиелеу, мектеп оқушыларына «экологиялық білім беру» қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында «Дарын» РҒПО оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) 2023 жылғы 26-27 сәуір аралығында қашықтан өткізеді.

Конкурстың негізгі мақсаттары - оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру; Конкурс тақырыбына сәйкес жобалық-зерттеу және ұйымдастырушылық қызметтері мен бейнематериалдар әзірлеуді ұйымдастыру арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту; оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық мәдениетке баулу; табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, экологиялық мәдениетпен туған өлке табиғатына оң экологиялық көзқарас қалыптастыру және мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурс Ережеге сәйкес үш кезең бойынша өткізіледі:

I кезең  –  аудандық (қалалық) білім басқармалары ұйымдастырады;

II кезең  – Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық білім басқармалары және облыстық білім беру ұйымдары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырады;

III кезең республикалық (қашықтан) – «Дарын» РҒПО ұйымдастырады.

Конкурстың республикалық кезеңі 4 бағыт бойынша өтеді:

1 бағыт -  «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем»;

3 бағыт - «Үздік экологиялық бастама» (2 қатысушыдан аспайтын командалық жұмыс қабылданады);

4 бағыт - «Таза қала сізден басталады».

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 4 бағыт бойынша жас ерекшеліктеріне қарай екі топ 5-6 сынып және 7-8 сынып күйінде анықталатын болады.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында жүктеулі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысушы сертификаттары табысталады.

=========

Кері байланыс:
мекенжай: Астана қ.
, Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон:
+7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz