БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА “Robotek grand Tournament 2023” робототехника бойынша республикалық чемпионат

«Дарын» РҒПО қолдауымен 2023 жылдың 4-5 мамырында Астана қаласында «Robotek Grand Tournament 2023» республикалық чемпионаттың финалы (Әрі қарай – Чемпионат) өтеді. Чемпионаттың іріктеу кезеңдері барлық аймақтарда 3000-нан астам оқушының қатысуымен өтті, мыңнан жүйрік шыққан 260 оқушы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің ғимаратындағы көпфункционалды залда өтетін финалдық кезеңге қатысады.
Чемпионаттың «Дарын» РҒПОның қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Astana IT University, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Роботек» робототехника мектебі ұйымдастырып, өткізеді.
Чемпионаттың мақсаты – робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу. Техникалық білім беру мәселелеріне жұртшылық пен мемлекеттің назарын аудару.
Екінші рет өткізілгелі отырған Чемпионатқа Қазақстанның Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен барлық аймақтарынан командалар қатысады. Чемпионат робототехника бойынша ең танымал 7 санат бойынша өтеді. Чемпионатқа осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізуде үлкен тәжірибесі бар төрешілер бригадасы қазылық етеді.
Чемпионаттың соңында барлық қатысушыларға қатысушы сертификаттары беріледі, санаттар бойынша жарыс жеңімпаздары «Дарын» РҒПО I, II және III дәрежелі дипломдармен, медальдармен және Чемпионат демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаздарды дайындаған оқытушыларға алғыс хаттар табысталады.
Чемпионат робототехник балалар үшін нағыз мереке болады және Қазақстанда техникалық бағытты дамытуға зор ықпал етеді!