80-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША ХХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚСТАН – АТА ЖҰРТЫМ, ҚАСИЕТІМ – АНА ТІЛІМ» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі шетелдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында алыс-жақын шетелдерде мекендейтін отандастарымыздың дарынды балаларына қолдау көрсету мақсатында 2004 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қазақ диаспорасының балаларына арналған  «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім»  атты Халықаралық олимпиада (бұдан әрі – Халықаралық олимпиада) өткізіп келеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен  міндеттері - қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтауға және оларға әлеуметтік - құқықтық  қорғау, тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне   деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, олимпиаданың негізгі мақсаттарының бірі қазақ жастарының еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алып, болашақта елге оралуларына ықпал ету болып табылады.

Биылғы ХXI Халықаралық олимпиаданы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Дарын» РҒПО)   19 – 23 маусым аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өткізбек.

Халықаралық олимпадаға Ресей, Қытай, Иран, Қырғызстан, Монғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан мен Түркия елдерінен оқушылар келеді деп күтілуде.

Олимпиадаға келу күні – 19 маусым  сағат - 16.00-ге  дейін, ал кері қайту күні – 23 маусым.

Ережеге сәйкес шетелдегі қазақ диаспорасының білім беру ұйымдарының 14-18 жастағы оқушылары қатыса алады. Қатысушы мемлекеттердің әрбір командасы - 8 оқушы мен 2 жетекшіден құралуы тиіс.

Олимпиада үш турда  өткізіледі:

I  тур - «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен берілген тақырыптар бойынша эссе жазу;

II    тур -  «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын 4 секция бойынша қорғау;

III тур - Үй тапсырмасы - «Өз ұлтымды сүйемін!» тақырыбына шығармашылық таныстырылым.

Қазылар алқасының мүшелері еліміздегі танымал жоғары оқу орындарының ғалымдары мен белсенді білім қайраткерлерінен құралған.

Халықаралық олимпиаданың Ережесі мен олимпиада жайлы ақпарат  www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Қатысушылар мен команда жетекшілерінің Халықаралық олимпиада өтетін орынға келуі мен қайту шығыны жіберген мемлекеттің тарапынан төленеді. Ал, олимпиада барысында қатысушылардың жатын орнын, тамақтануын, мәдени іс-шараларды өткізу ұйымдастырушылар жағынан.

Халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Барлық олимпиада қатысушыларына сертификаттар беріледі. Халықаралық олимпиада шеңберінде қатысушыларға қасиетті Маңғыстау өңірінің киелі да, көрнекті жерлеріне экскурсиялар, зиялы қауыммен кездесулер және жетекші ұстаздарға дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Қатысушылар жөніндегі мәліметтерді мына кесте бойынша толтыру қажет:

Аты-жөні Туған жылы Сыныбы Паспорт нөмері Мекен-жайы
         

Олимпиадаға қатысу жөніндегі сұраныстарды ұйымдастыру комитетіне

2024 жылдың 7  маусымына дейін жіберу қажет.

 

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

010011 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел 8/2; телефон: 8 (7172)  57 01 60;  info@daryn.kz,   ұялы тел. – 87015339125  «Дарын» РҒПО.

Астана қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ХХ Халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. 2023 жылғы 26-29 маусым аралығында өткізілген жарысқа жақын және алыс шетелдерден: Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Белорусия, Моңғолия және Ресей Федерациясында тұратын 74 оқушы қатысты.

Олимпиаданың бірінші күні білімпаздар «Бес асыл іс» (Абай Құнанбайұлының өлеңі бойынша), «Ыбырай Алтынсариннің әңгімелеріндегі негізгі ой», «Мен жастарға сенемін» (М. Жұмабаевтың өлеңі бойынша), «Менің таңдаған мамандығым», «Болашағымды Қазақстанмен байланыстырамын», «Менің тарихи отаным - Қазақстан». сияқты тақырыптарда эссе жазды. Екінші турда олимпиадаға қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өз білімдерін көрсетті, сонымен қатар төрт бағыт бойынша зерттеу жобаларын қорғады: "Туған жер тұғырың!", "Қадірлестің салт-дәстүр-асыл қазына", "Ұлттық қол өнер – тәрбие көзі", "тұлғаға Тағылы".

Келесі күні оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті (үй тапсырмасы - презентация-танысу: музыкалық, поэтикалық, театрландырылған, сахналық қойылым).

Мәдени бағдарлама аясында олимпиада қатысушыларына "Nur Alem" болашақ энергиясы мұражайына, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына, «Айланд» ойын-сауық кешеніне саяхат ұйымдастырылды. Сондай-ақ, олимпиада аясында команда жетекшілері үшін «Шетелде тұратын қазақ диаспорасының балаларының тілді үйрену мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

29 маусымда Олимпиада қатысушыларына «Балқарағай» демалыс орнында белсенді демалыс ұйымдастырылып, мерекеліс ас берілді.

Олимпиада Ережсіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.

Қазылар алқасының шешімімен  Олимпиадаға қатысқан оқушылар арасынан 30 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды. Оның ішінде I дәрежелі диплом және алтын медальмен 6 қатысушы, II дәрежелі диплом және күміс медальмен - 9 қатысушы, сондай-ақ, III дәрежелі диплом және қола медальмен - 15 қатысушы марапатталды. Бұдан бөлек, "Дарын" РҒПО грамоталарымен 25 қатысушы марапатталғанын айтуымызға болады.

Мұнымен қоса, «Отандастар Қоры» КеАҚ тарапынан Олимпиада жеңімпаздарына «Бұрабай» ұлттық курорттық-табиғи аумағында орналасқан «IQanat» мектебі базасында өтетін "Жас Қазақ" жазғы этно-лагеріне 10 жолдама берілді.

Сондай-ақ, еліміздегі екі жоғары оқу орындарының ректорлары шетелдегі қандастарымыздың дарынды балаларына қолдау көрсетіп, 18 ректорлық білім грантын тағайындады. Нақтырақ айтсақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – 15, ал М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 3 грант бөліп отыр.

Еске сала кетер болсақ, олимпиада қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтау және оларды әлеуметтік-құқықтық тұрғыда қорғау, оларды тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

=============

Кері байланыс үшін:
Мекенжай: Астана қаласы., Мәңгілік Ел даңғылы 8/2, кеңсе 308
Телефон: +7 (7172) 570-160
Е-mail: media@daryn.kz

 

Бүгін, Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО орталығы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиеттім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ХХ Халықаралық олимпиадасын бастайды.

XX мерейлі Халықаралық олимпиадаға Моңғолия, Иран, Өзбекстан Республикасының (Заравшан, Тамды, Бостандық аудандарынан),  Қырғызстан Республикасы,  Беларусь, Ресей Федерациясының (Алтай Республикасынан, Самара және Омбы облыстарынан) 80-ге жуық оқушы қатысады.

Олимпиаданың салтанатты ашылуына алдыңғы жылдарда жеңімпаздар мен жүлдегер атанған түлектер қонақ ретінде шақырылды. Олардың барлығы Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарын тәмәмдап, еліміздің әр саласында қызмет етуде.

«Ережеге сәйкес қатысушы елдердің әр командасы 14-17 жас аралығындағы 8 оқушы, 2 жетекшіден тұрады. Олимпиада эссе, «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын қорғау, үй тапсырмасы бойынша шығармашылық таныстырылым секілді 3 турдан өтеді», - дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлмі басшысы Зауре Аманова.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.

Сонымен қатар, жеңімпаздарға ЖОО-на 15 білім гранты және 10 қатысушыға жазғы оқу-танымдық ауысымға жолдама табысталады деп күтілуде.

Олимпиада қатысушыларына елорданың көрікті жерлеріне саяхат пен мұражайларға экскурсия ұйымдастырылады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 2023 жылғы 26 маусымда сағат 17.00-де Ә.Мәмбетов атындағы қазақ драмтеатрының «Nomad City Hall» концерт залында өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі 2023 жылғы 29 маусымда сағат 17.00-де «Park Inn by Radisson Astana» қонақ үйінің мәжіліс залында өтеді.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8/2, «Алтын орда» БО, тел: 8 (705) 4276828, Ажар Рахлетова

Қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтау және әлеуметтік-құқықтық қорғау, оларды тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы "Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы" ММ-мен бірлесіп және "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен 2022 жылғы 26 маусым мен 01 шілде аралығында Түркістан қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған "Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ХІХ Халықаралық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жақын және алыс шетелдерден: Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия және Ресей Федерациясында тұратын 70-тен астам оқушы қатысады. Ережеге сәйкес қатысушы елдердің әрбір командасы 14-17 жас аралығындағы 8 оқушыдан және 2 жетекшіден тұруы тиіс. Биыл Олимпиада офлайн форматта өткізіледі.

Олимпиаданы өткізу ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады. Сонымен қатар «Отандастар Қоры» КеАҚ қатысушылардың жол шығындарын көтеріп, Олимпиаданың жеңімпаздарына Қазақстанның көрікті аймағы Бурабайдайдағы I Qanat мектебі өткізетін 2 апталық жазғы демалысқа 3 тегін жолдама ұсынады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 2022 жылғы 27 шілде сағат 09.30-да өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі 2022 жылғы 30 шілде сағат 11.00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің үлкен залында өтеді.

Толық ақпарат http://atajurtym.daryn.kz/ сайтында болады.

=============

Кері байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон: +7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz

2021 жылғы 22-27 маусым аралығында алыс-жақын шет елдерде туратын қазақ диаспорасының балалары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты XVIII Халыкаралық олимпиадасы коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты екінші рет қашықтықтан өткізілді.

Олимпиада қазақ тілі мен әдебиетін терең білетін қазақ диаспорасы балаларының арасынан дарынды оқушыларды анықтауды, олардың ана тілі мен қазақ әдебиеті, қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен өнері жөніндегі танымдық қабілеттерін арттыруды, әлемнің әр елінде тұратын қазақ жастары арасында достық байланыстың орнауына ықпал етуді, сондай-ақ қазақ диаспорасы өкілдері арасында қазақ тілін меңгерудің маңыздылығын арттыруды көздейді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен XVIII Халыкаралық олимпиада әлемнің әртүрлі елдерінен 261 қатысушыларды жинап (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Иран, Түркіменстан ) рекордтық көрсеткішпен ерекшеленді.

Олимпиаданың талаптарына сай қатысушылар қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін, шешендік шеберліктері мен халық ауыз әдебиеті шығармаларынан өз өнерлерін көрсетті.

Қазылар алқасының құрамы еліміздегі ең танымал Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сүлейман Демирел атындағы университеті,  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті сынды  аты әйгілі жоғары оқу орындарының докторлары мен профессорларынан, сондай-ақ  «Отандастар Қоры» КеАҚ өкілдерінен құралған.

Қазылар алқасы қатысушылардың электрондық пошта арқылы жіберген жазбаша жұмыстары (берілген тақырыптар бойынша эссе жазу) мен бейнежазба ретінде түсірілген үй тапсырмаларын (ән айту, мәнерлеп оқу, домбыра шерту, би билеу т.б.) сараптай келіп, қатысушылардың арасынан үздік шыққандарын олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, яғни Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің I, II, III дәрежелі дипломдары мен алтын, күміс және қола медаль иегерлері

(1 қосымша)атанды.

Сонымен қатар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушыларды мақтау  грамоталарымен марапаттап, жеңімпаздар мен жүлдегерлеріге естелік сыйлықтар берілді.

 

1 Қосымша

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты  оқушылардың XVIII Халықаралық олимпиадасының  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері

I дәрежелі дипломдарымен марапатталғандар:
Аты-жөні Мемлекет Сынып
Назаршаева Аружан Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Қуанишов  Бақдаулет Өзбекстан, Науаи, Нурата ауданы 10
Хурсандбекова Арухан Өзбекстан, Науаи, Нурата ауданы 12
Есенова Азиза Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 10
Кулистанов Альберт Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Режабов Бекзат Өзбекстан, Ташкент, Газалкент қаласы 11
Абденова Аяжан Өзбекстан, Ташкент, Бостандық ауданы 9
Жуманазаров Мейрхан Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 10
Кушерова Умида Өзбекстан, Ташкент, Бостандық ауданы 10
Жарбосынова Ақмарал  Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 10
Умирзаков Даулет Өзбекстан, Ташкент, Бостандық ауданы 11
Шарапбаев Берікбол Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 12
Кенжебекова  Гулнур Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 10
Рзахметова Рауза Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Дауирханов Бекнұр Өзбекстан, Науаи, Зарафшан ауданы 9
Ширинқулова Ардақ Өзбекстан, Науаи, Нурата ауданы 12
Каимбекова Айдана Өзбекстан, Науаи, Нурата ауданы 10
Нургалиева Ақтоты Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Алибекова Балнұр Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 9
Жаксибекова Орынгүл Өзбекстан, Ташкент, Жоғары шыршық ауданы 10
II дәрежелі дипломдарымен марапатталғандар:
Аты-жөні Мемлекет Сынып
Исрайлова Нургул Өзбекстан, Бухара, Газли қаласы 10
Тоқтарбаева Сабрина Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Маханова Лаззат Өзбекстан, Ташкент, Жоғары шыршық ауданы 10
Джаксылыкова Айгерім Өзбекстан, Бухара, Газли қаласы 9
Хасанова Диана Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 12
Шанжарова Назерке Өзбекстан, Науаи, Нурата ауданы 12
Кеңесбаева Ақмарал Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 10
Мамбетова  Арайлым Өзбекстан, Науаи, Нурата ауданы 10
Есалиев Сүндетбай Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 10
Жанахметова Аяжан Өзбекстан, Науаи, Үшқұдық ауданы 10
Карсимбекова Сара Қырғызстан, Чуй, Сокулук ауданы 11
Жандаев Рамазан Ресей Федерациясы, Омбы, Есілкөл 10
Сейдуллаев Ербол Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 11
Тубекова Адеми Қырғызстан, Чуй, Сокулук ауданы 11
Шарибеков  Нұрсұлтан Өзбекстан, Науаи, Тамдыбұлақ 12
Жантаева Рауза Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 10
Куздибаева Жансая Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
Кеңесбаев Қанат Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 10
Жанабаева Балдай Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 10
Абельгазинова Умулгульсим Ресей Федерациясы, Алтай,Кош- Ағаш 9
Жолдыбаева Айдана Өзбекстан, Ташкент, Бостандық ауданы 10
Кадирова Ақназик Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 10
Бектурсунова Азиза Өзбекстан, Науаи, Нұрата 9
Кенегесова Ақнұр Өзбекстан, Науаи, Зарафшан 10
Ақылбекова Сымбат Өзбекстан, Науаи, Зарафшан 9
Орынбасарова Айдана Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Жиенбаева Айгерім Өзбекстан, Ташкент, Бостандык 10
Ауелбек Меруерт Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 9
Муратова Жаннур Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
Жумалин Наурызбек Ресей Федерациясы, Алтай, Кош-Ағаш 10
Саджыды Джамани Иран Ислам Республикасы
Хуандаг Ауелбек Моңғолия, Баян-Олгей 12
Пайдалиева Мөлдір Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Ералиева Ақмаржан Өзбекстан, Ташкент, Бостандық ауданы 9
Ерболовна Айдана Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 9
Абдугали Алия Өзбекстан, Ташкент, Бостандық ауданы 9
Амреева Жазира Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
Берекетова Динара Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
III дәрежелі дипломдарымен марапатталғандар:
Аты-жөні Мемлекет Сынып
Абдишов Қалижан Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
Баймуратова Нұрсипат Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 9
Шарифбаев  Нурдаулет Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 11
Шахизадаева Айдана Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 12
Құдайназаров Мұхаммадияр Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 10
Рузабекова Маржан Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
Тайырова Марина Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Дәулетбаева Клара Өзбекстан, Хорезм, Ургенч 9
Тулепов Нурхат Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Төреева Аяжан Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
Танжарык Ақулпек Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Абдуалиева Мадина Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 9
Накибов Батырхан Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 11
Туремуратова Ақбаян Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 11
Бахтиярова Мадина Өзбекстан, Ташкент, Бостандық ауданы 9
Жандуллаева Балзия Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 9
Абаева Жасмина Өзбекстан, Ташкент, Бостандык ауданы 9
Серикова Наргиза Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 11
Манаспаев Назымбек Ресей Федерациясы, Қосағаш, Алтай 10
Айдын Қазақ Иран Ислам Республикасы
Абдувалиева Динара Өзбекстан, Ташкент, Жанабазар ауданы 9
Беркинова Сабина Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
Жиенбаев Султан Өзбекстан, Ташкент, Бостандык ауданы 10
Мекебаева Балауса Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 10
Жандуллаев Нұржан Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 10
Нұрманова Айнұр Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 11
Ситказиева Аружан Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Есенгелдиев Еркебұлан Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 10
Самалбеков Ерсейіт Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 11
Габитова Айнура Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 9
Санакулов Медет Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Тұрдыбаева Нұрсипат Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 11
Тоқтаева Лариса Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 11
Садирбекова Ақжарқын Өзбекстан, Ташкент, Бостандык ауданы 11
Жорабекова Сабина Өзбекстан, Ташкент, Бостандык ауданы 10
Амантаева Райхана Ресей Федерациясы, Қосағаш, Алтай 9
Аманбаева Балнура Өзбекстан, Науаи, Нұрата 9
Асадова Нурила Өзбекстан, Науаи, Нұрата 9
Джорабеков Ерсұлтан Өзбекстан, Ташкент, Бостандык ауданы 9
Ахметова Гүлбақыт Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 9
Амангелдиева Айдын Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 9
Айшатов Альберт Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 9
Орынбаев Нургелді Өзбекстан, Науаи, Тамды ауданы 11
Абушахметова Баян Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 9
Анарбекова Ақмарал Өзбекстан, Ташкент, Бостандык ауданы 9
Бахберген Күнберди Моңғолия, Баян-Олгей 9
Кошуаков Азамат Өзбекстан, Науаи, Зарафшан қаласы 10
Уалибеков Жайнарбек Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 11
Усенов Алпамыс Өзбекстан, Науаи, Кенимех ауданы 11
Грамоталармен марапатталған оқушылар тізімі
Аты-жөні Мемлекет
Тастанова Азиза Өзбекстан Республикасы
Тұрдиева Сұлушаш Өзбекстан Республикасы
Есказиева Гулайша Өзбекстан Республикасы
Бегімова Меърож Өзбекстан Республикасы
Советова Сымбат Өзбекстан Республикасы
Садуова Айқын Өзбекстан Республикасы
Мухаметжанова Гульмира Ресей Федерациясы
Қошимова Айкен Өзбекстан Республикасы
Бахрамова Лариса Өзбекстан Республикасы
Аманалиева Айгерим Өзбекстан Республикасы
Шанбаева Салтанат Өзбекстан Республикасы
Берден Ләйлім Монғол Халық Республикасы
Абилова Асел Өзбекстан Республикасы
Бекболатова Аружан Өзбекстан Республикасы
Нарматова Аида Өзбекстан Республикасы
Мухаметкалиева Хадижа Ресей Федерациясы
Жалғасбаев Нұрислам Өзбекстан Республикасы
Абилкасимова Сымбат Өзбекстан Республикасы
Маханбетова Гулбахар Өзбекстан Республикасы
Абдужаппаровна Гулбану Өзбекстан Республикасы
Бегімбетов Дулат Өзбекстан Республикасы
Мохаммед Мостафа Иран Ислам Республикасы
Бухарбаева Балбөбек Өзбекстан Республикасы
Тилепова Гулбану Өзбекстан Республикасы
Есенбаева Жаннұр Өзбекстан Республикасы
Урисбаева Фариза Өзбекстан Республикасы
Жаныбеков Еркебулан Өзбекстан Республикасы
Қожа Хелия Иран Ислам Республикасы

ҚР БҒМ-нің дипломдарымен марапатталған

жеңімпаздардың жалпы саны – 107 оқушы

І-орын – 20 Өзбекстан –  96

Ресей – 5

Моңғолия – 2

Иран – 2

Қырғызстан - 2

ІІ орын – 38
ІІІ орын – 49

«Дарын» РҒПО-ның Грамоталарымен марапатталған

қатысушылардың жалпы саны – 27 оқушы

 

Өзбекстан – 23

Иран – 2

Ресей – 2

Моңғолия - 1