ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ЕУРОПА ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ 6 МЕДАЛЬІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Географиядан Еуропалық олимпиада-бұл Еуропа елдерінің мектеп оқушыларына арналған өңірлік география пәні бойынша халықаралық олимпиада. Олимпиада бағдарламасы теориялық жазбаша айналымды, мультимедиялық тест (ағылшын тілінде) және далада өтетін тәжірибелік айналымды қамтиды.

Олимпиаданың мақсаттары география мен қоршаған ортаны зерттеуге қызығушылықты арттыру, Географиядан халықаралық олимпиадаға  (IGeO) ұлттық құрамаларды дайындау және қатысушы елдер арасында мәдени алмасу мен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

EGEO олимпиадасы 2015 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. EGEO 2024 Сербияның Копаоник қаласында 28 маусым мен 4 шілде аралығында өтті. Олимпиадаға 11 елден 104 оқушы қатысты.

Қазақстан 2023 жылдан бастап EGEO олимпиадасына қатысады және жыл сайын 6 оқушыдан құралған ұлттық құрама жібереді. 2024 жылы EGEO олимпиадасында Қазақстан командасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

2025 жылғы Географиядан Еуропалық олимпиада 29 маусым мен 03 шілде аралығында Вильнюс (Литва) қаласында өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ГЕОГРАФИЯДАН ЕУРОПАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА EGEO АЛТЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
🇷🇸Сербия Республикасының Белград қаласында географиядан Еуропалық олимпиада EGeO аяқталып, Қазақстан құрамасы алты медаль жеңді. Команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.
🇰🇿Кұрама команда нәтижесі:
🥇Арсен Сыдыков - Шымкент қаласындағы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
🥇 Андрей Енбахтов - Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
🥈Ақжол Болат - Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
🥈Қанат Серікбай - Шымкент қаласындағы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
🥈Амир Дарынов - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
🥉Жомарт Сабыр - Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
👨🏻‍🔬Команда жетекшісі - Абай Дүйсен - республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

Белград қаласында (Сербия) 9 елден келген 98 оқушының қатысуымен Еуропалық география олимпиадасы (EGeO) аяқталды.

 

Қазақстан командасын 6 қатысушы – 2023 жылғы география пәнінен республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрады.

 

Олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық мектеп оқушылары 6 медаль, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті:

Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11 сынып оқушысы – алтын медаль;

Аида Давлетова –Астана қаласының НЗМ 11 сынып оқушысы – күміс медаль;

Қанат Серікбай – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – күміс медаль;

Әрсен Сыдықов – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;

Әлихан Қалмағамбетов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;

Сабыр Жомарт – Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы – қола медаль.

«Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқау оқушылардың географиялық және экологиялық зерттеулерге қызығушылығын ояту, жастар арасында географияның ғылым ретінде маңыздылығын көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Олимпиада жазбаша тестілеу, мультимедиялық тест және далалық турды қамтиды. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде беріледі», – дейді топ жетекшісі Абай Дүйсен.

 

Жас географтарымыз ел намысын әлемдік аренада лайықты қорғап жүргендігін атап айтқымыз келеді. Мәселен, 2022 жылы құрама команда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған еді.